{metadescription}
Жаңаөзендегі «Энергосервис» қызметкерлері жалақы көтеруді талап етуде
Жаңаөзендегі «Энергосервис» қызметкерлері жалақы көтеруді талап етуде

Жаңаөзендегі «Энергосервис» қызметкерлері жалақы көтеруді талап етуде

Жаңаөзендегі «Энергосервис» мекемесінің бір топ қызметкері жалақы көтеруді талап етуде. Наразылық білдіргендер 10 күннен бері жұмысты тоқтатқан.

- Ереуілдетіп тұрғанымызға он күн болды. Мәселеміз шешіліп жатқан жоқ. Біздің мекемеде жұмысшыларды қудалап жатыр. Қудалау тоқтатылсын!

«Энергосервис» мекемесінің жұмысшылары 80 мен 150 мың теңге аралығында жалақы алады. Соны 250 мың теңгеге дейін көтеруді талап етуде. Тіпті он үшінші жалақы мен әлеуметтік көмек көрсетілсін деп отыр. Сондай-ақ мекемені «Өзенмұнайгаз» компаниясының қарамағына өткізуді сұрады. Ал Жаңаөзен қаласының әкімдігі энергетиктердің талабын бірден орындау мүмкін емес дейді. Әзірге тек жалақыны кезең-кезеңмен көбейту мәселесін қарастырып жатыр. Сондай-ақ кәсіпорын жұмысшыларының тек 30 пайызы жұмысты тоқтатып наразылыққа шыққанын айтты. Ал қалған қызметкерлер өз міндетін мүлтіксіз орындап жатыр дейді шенеуніктер.

Берік Ізғалиев, Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары:

- Бар талап зерделенді. Оларға оның мүмкіндігі жоқ екенін. кәсіпорынның қаржылық мүмкіні жоқ екені айтылып, 10 пайыз жалақы қосылатыны туралы түсіндіру жүргізілді. Қазір жұмыс берушінің қаржылық мүмкіндігі тек осыған келеді. Алдағы уақытта электр жеткізу тарифі қайта қаралып, бекітілген жағдайда жалақы мәселесі қайта қаралатынын ескертіп, түсіндіріп айттық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде