{metadescription}
Ақтөбеде су басқан үйлер; Техника мен жиһазға өтемақы төленбейді
Ақтөбеде су басқан үйлер; Техника мен жиһазға өтемақы төленбейді

Ақтөбеде су басқан үйлер; Техника мен жиһазға өтемақы төленбейді

Ақтөбеде тасқында қалған саяжай тұрғындары жұқпалы дерт жайылады деп қорқып отыр. Себебі: ауладағы құдықтары лай батпақ пен кәріз суына толған. Ал тасқында уақытша паналаған орталық бірер күнде жабылады. Тұрғындар ылғалдан бүлінген баспанамызды қалай қалпына келтіреміз деп уайымдап отыр.

Ақтөбедегі АЗФ-1 бау-бақша ұжымының тұрғындары су басқан үйіне әлі орала алмай жүр. Шаңырағы сыз тартып, оны кептіру қиын. Көбісінің дүние-мүлкі бүлінген. Ең бастысы, ішер судан айрылдық деп налиды. Өйткені мұнда су құбыры жоқ. Ауыз суды аулада қазылған құдықтан алады. Тасқында құдықтар лай мен кәріз суына толыпты. Ішсең, ауру жұқтыратыны анық дейді тұрғындар.

Жаңылдық Бейбітова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Ішетін су жоқ. Су деген сасып жатыр. Әр жақтан алып келеміз. Скважина моторы да суда жатыр. Жертөле суға лық толы. Ондағы азықтүлігіміз де бүліне бастады.

Бау-бақшада тұратындарды су басқан кезде мектептегі орталыққа көшірген. Жақында ол жақтан шығармақшы. Тұрғындар бүлінген үйімізде қалай тұрамыз деп уайымдайды.

Айгүл Кенжалина, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Үйде тоғыз адам. Кішкентай бөпеміз бар. Балалар бар. Оның бәрі қазір туматуыстардың үйінде жүр. Енді біз қай жаққа барамыз? Өзім мектепте жатырмын, мына жерге жақын жер деп. Ол мектептен ертең шығарады. Қайда барамыз?

Әкімдіктегілер мектептегі эвакуация орталықтарды жабатынын растады. Бірақ баспанасы бүлініп тұруға жарамай қалғандарды далада қалдырмаймыз деп сендіріп отыр.

Айбек Көпенов, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары:

Бүгінертең №26 мектепті жабуды жоспарлап отырмыз. Себебі, ол жерде үш-ақ отбасы отыр. Оларды №47-ге ауыстырып, сол мектептегі эвакуация орталықты алдағы аптада толық таратамыз деп жоспарлап отырмыз. Үйі жарамсыздарға уақытша тұруға отбасылық жатақхана болсын, басқа да не болсын, сондай пәтер тауып береміз.

Ақтөбе қаласында тасқында 75 үйді су басқан. Комиссия шығынның тек құрылысқа қатысты тұсын ғана қаржылай қолдаймыз деп отыр. Ал заңға сәйкес, бүлінген техника мен жиһазға өтемақы берілмейді екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде