{metadescription}
Доллар шамамен 15 теңгеге арзандаған
Доллар шамамен 15 теңгеге арзандаған

Доллар шамамен 15 теңгеге арзандаған

Теңге демалыс қарсаңында тағы нығайды. Кешелі бері АҚШ валютасы шамамен 15 теңгеге арзандаған. Қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша көк қағаздың бүгінгі бағамы 446 теңге 89 тиын. Ал валюта айырбастау орындарында 449 теңге төңірегінде саудалануда.

Биыл АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесі өз мөлшерлемесін тағы бірнеше есе көтереді, бұл доллар тек теңгеге ғана емес, әлемнің барлық басқа валюталарына қатысты қымбаттайды деген сөз. Жыл басынан бері АҚШ базалық мөлшерлемені бір рет қана көтерген. Олар бағамды қайта көтермейінше, теңге нығая бермек. Мұнай бағасының плюс-минус 120 доллар төңірегінде болуы бұған кедергі болмайды. Еуро да 499 теңге 76 тиынға дейін төмендесе, Ресей рублі қымбаттап, 5 теңге 65 тиыннан сатылуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде