{metadescription}
Ресей, Беларусь азаматтары Қазақстан банктерінен 12 мыңдай есепшот ашқан
Ресей, Беларусь азаматтары Қазақстан банктерінен 12 мыңдай есепшот ашқан

Ресей, Беларусь азаматтары Қазақстан банктерінен 12 мыңдай есепшот ашқан

Ақпан айының соңынан бері Ресей мен Беларусь азаматтары Қазақстан банктерінен он екі мыңға жуық есепшот ашқан. Оның он мыңнан астамы тұтынушының тікелей қатысуымен немесе Қазақстандағы сенімді өкілі арқылы ашылса, қалғаны қашықтан рәсімделіпті.

Қазақстанда шоты тіркелген ресейлік компаниялардың да саны көбейіп, 800-ден асқан. Мұны көпшілігі солтүстіктегі көршілердің санкцияны айналып өтуге жасаған «айласы» деп санайды. Тіпті кейбір ресейлік сайттарда 20-25 мың рубльге қазақстандық есепшот ашамыз деген хабарламалар да желдей есіп жүр.

Ал Ұлттық банк жағдай толық бақылауда дейді. Заңға сәйкес, екінші деңгейлі банктер клиентіне қатысты барлық деректі және оның Қазақстан заңына сәйкестігін нақтылаған соң ғана шот ашады.

Ресей мен Беларусь азаматтарының не себепті қазақстандық банктерге «аңсары ауғанын» экономистер де түсінбей отыр. Өйткені бұл елдер аумағында Visa, Mastercard карталарымен төлем жасау мүмкін емес. Яғни қазақстандық банк картасымен де бұл елдерде есеп айырыса алмайсыз. Егер сол ашылған шоттардың иелері Қазақстанға келіп кәсібін дамытса, әңгіме басқа. Сондықтан біздегі екінші деңгейлі банктер сақтанған жөн дейді мамандар.

Бекнұр Қисықов, экономист:

- Екінші дәрежелі санкция деген бар. Бастапқы дегенРесейге келіп тұр. Егер оның бәрін көрсе, біздің, мысалы, банктен ресейліктер мыңдап, он мыңдап ашып жатса, оның бәрін шетелдік банктер көрсе, біздің банктерге де санция салуы мүмкін. Сол жағынан қауіпті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

09 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде