{metadescription}
Сауалнама: Президентке 70 пайыздай азаматтардың көңілі толады
Сауалнама: Президентке 70 пайыздай азаматтардың көңілі толады

Сауалнама: Президентке 70 пайыздай азаматтардың көңілі толады

Президент жұмысына азаматтарымыздың 70 пайыздан астамының көңілі толады. Яғни Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы мен 14 аймақта Қазастан Республикасы президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметі жүргізген сауалнамада респонденттердің Қасым-Жомарт Тоқаевқа деген көзқарастарының оң екені белгілі болды.

Жұртшылық мемлекет басшысының басымдық беруі тиіс мәселенің алғашқы легін атай кетті. Ең алдымен халықтың 42, 1 пайызы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамассыз ету қажет деп санайды. Одан кейін 41,4 пайызы жалақы, зейнетақы, жәрдемақының өсуін күтеді. Қауіпсіздік те маңызды мәселелер тізіміне ілігіпті. Яғни 35,3 пайызы осы мәселені қозғаса, 32, 5 пайызы халықаралық байланыстарды нығайтуды ұсынған. Респонденттердің 26,3 пайызы сыбайлас жемқорлық мәселесіне алаңдаулы.

Сауалнамаға жауап берген топ президент қызметіне қатысты ойын ортаға тастады. Тұрғындар әсіресе мемлекет қауіпсіздігі пен әлеуметтік әділдік, тұрақты әлеуметтік экономикалық дамуға қатысты пікірімен бөліскен. Артынша әр отбасының әл-ауқаты және қоғамдық достық пен келісім секілді маңызды салаларды басты назарға алғанын қалайды. Осылайша қарашаның көп бөлігі алдағы екі жылда елімізде дамуға қатысты айтарлықтай өзгерістер болатынына нық сенімді. Ол үшін азаматтардың жартысынан астамы тікелей Президенттке үміт артса, қалған 20,5 пайызы Үкіметке, ал 15 пайызы жергілікті атқарушы органдарға сеніммен қарайды. Ал парламентке деген сенімі тек 14,1 пайызды құрайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде