{metadescription}
Іздеуде болған сарбаздың өлі денесі табылды – Жамбыл облысы
Іздеуде болған сарбаздың өлі денесі табылды – Жамбыл облысы

Іздеуде болған сарбаздың өлі денесі табылды – Жамбыл облысы

Жамбыл облысында қырық күннен бері іздеуде болған сарбаздың өлі денесі табылды. 19 жастағы Ұлықбек Бердішов Меркі ауданындағы әскери бөлімнен шығып кетіп сол күйі ізім-ғайым жоғалған еді. Марқұмның мәйіті Қырғызстан тауынан табылды.

Ол белдігіне асылып өлген деген болжам бар. Алайда, сарбаздың жақындары Ұлықбек өзіне қол салды дегенге сенбейді. Марқұмның туыстары оны өлтіріп, қылмысты жасыру үшін денесін әдейі асып қойғанына сенімді. Осылай деп күдік келтіргендер бұл істі жан-жақты тексеріп, кінәліні анықтауды талап етіп отыр.

40 күн бойы іздеуде жүрген жауынгердің денесі бүгін таңға жуық Таразға жеткізіліп, артынша туған жері Қызылордаға жөнелтілді. Сарбаздың мәйітін табуға қырғызстандық шопанның септігі тиген. Ол мал бағып жүріп жотада шашылған әскери киімді көріп туыстарына хабар беріпті. Сөйтіп көрші елге шұғыл барған Ұлықбектің бауырлары малшы көрсеткен аумақты шолып жүріп, шың басында белдігіне асылып тұрған сарбазды көреді.

Бауыржан Мереков,  Ұ.Бердішовтің нағашы ағасы:

- Басынан тасқа байлап қойыпты. Бала былай салбырап тұр, қиғашынан былай жатыр. Ісініп кеткен, расында да, иісі шыққан. Бір айдан бері сол жерде ілініп тұрған балаға мүлде ұқсамайды. Баланы өлтіріп алғанға ұқсайды. Кім өлтірген?  Сол заставаның ішінде.

Марқұмның туыстары ол «өзін өлтіруі мүмкін емес» дейді.    Ұлықбектің денесіне Қырғызстанда сараптама жасалып, «соққы іздері жоқ» деген қорытынды шығарған. Бірақ қаза тапқан азаматтың жақындары екі ел шекарашыларының ым-жымы бір деп, нәтижесіне күдік келтіруде. Сондықтан мәйітті қайта сараптамадан өткізген. Бірақ әзірге нәтижесі жоқ.   

Бауыржан Мереков,  Ұ.Бердішовтің нағашы ағасы:

- Бір жерге тығып тастады да, баланы кемі бір аптаның ішінде шығарып тұр сол жерден.Бала ол жерді контрабандалық жер дейді. Малмен өтеді, есірткі бизнесімен өтеді дейді.Сондай болғаннан кейін бала бір құпияны көріп қалды ма, не біреу байқамай ұрып өлтіріп қойды ма?

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің ресми сайтында осы дерекке қатысты мәлімет тарады. Ондағы ақпаратқа сүйенсек, жауынгерге күш қолданылмаған.

ҰКК ШҚ:

Осы факті бойынша Қырғыз Республикасы Шу облысы Панфилов ауданының АІІБ тергеу ісшараларын бастады.Алдын ала диагнозы: механикалық асфиксия, зорлық-зомбылық әрекет белгілері жоқ. 2022 жылғы 11 сәуірде шекара қызметі мәйітті ата-аналарының тұрғылықты жері бойынша Қызылорда облысына жеткізуді ұйымдастырды.

Меркі ауданындағы шекара заставасында әскери борышын өтеп жүрген 19 жастағы жауынгер жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. Марқұмның суицидке барғанына сенбеген туыстары бұл іске кінәлілерді анықтап қатаң жазалауды талап етеді. Ал әскерге барамын деп өмірі қиылған азаматтың денесі ертең туған өлкесі Қазалы ауданында жер қойнына тапсырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде