Тамара Дүйсенова – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Тамара Дүйсенова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшылығына қайта оралды. Бұған дейін ол Қазақстан президентінің көмекшісі, Президент әкімшілігінің өтініш қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
11.04.2022
Дүйсенова Үкіметте күні кеше Атырау облысына әкім болып кеткен Серік Шәпкеновты ауыстырып отыр.
Тамара Дүйсеноваға еңбек министрлігіндегі жұмыс таңсық емес. Шенеунік бес жыл басшылық қызметте болғанда еңбек қатынасын қалыптастыруға, әлеуметтік саясатты нығайтуға зор үлес қосқан. Мұны Үкімет басшысы да министрді ұжымға таныстырарда тілге тиек етті.
Әлихан Смайылов араға төрт жыл салып жаңа күшпен іске кіріскен әріптесіне президенттің халыққа арнаған жолдауында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтіп, жұмысына сәттілік тіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!