{metadescription}
Қаңтардағы тәртіпсіздікке 12 ұйымдасқан қылмыстық топ қатысқан
Қаңтардағы тәртіпсіздікке 12 ұйымдасқан қылмыстық топ қатысқан

Қаңтардағы тәртіпсіздікке 12 ұйымдасқан қылмыстық топ қатысқан

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке 12 ұйымдасқан қылмыстық топ қатысқан. Арасында танымалы «Дикий Арманның» тобы бар. Арман Жұмагелдиевке қараған қылмыстық ұйым ондаған адамды ұрып-соғу және ұрлау ісі бойынша күдікке ілінген. Бүгін Бас прокуратура қаңтар қақтығысындағы тың деректермен бөлісті.

Елдос Қилымжанов, ҚР Бас прокуратурасы бірінші қызмет бастығының орынбасары:

- Арнайы прокурорлармен жаппай тәртіпсіздікке 12 ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысқаны анықталды. Оның ішінде ең белсенділері  Жұмагелдиев – «Дикий Арман», «Қазақстандықтар» және «АйшуақЖантүгел» тобы болды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың 23 мүшесі қамауға алынды. Оның ішінде төртеуі – қылмыс әлемінің серкелері.  

Ұйымдасқан қылмыстық топтың екі серкесі Жамбыл облысында ұсталған. Ал Шымкентте әкімдік пен полиция департаментіне шабуыл жасау кезінде қолданылған арматура, тастар мен жанармай толы шөлмектерді жеткізуді ұйымдастырып «жаппай тәртіпсіздікті қаржыландырды» деген күдікті ер адамның қолына кісен салынды.

Тергеу органдары Алматыда бірнеше жалдамалы мергеннің нысанаға әдейі полицейлерді алып оқ жаудырғанын анықтапты. Сондай біреуінің мүрдесін сыбайластары алдымен шатырдан ұрлап, кейін қаладағы аурухана қасына тастап кеткен. Ал қалған үш мерген іздеуде.

Бас прокуратура қаңтар оқиғасынан соң Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарындағы полиция департаменті басшыларының неліктен тұтқындалғанын түсіндіріп берді. Лауазым иелері қару-жарақты қараусыз қалдырып кеткен.

Темір торға қамалғандардың қатарына жақында Алматы әуежайының желілік полиция бөлімінің бастығы қосылды. Қолында шабуылды тойтаруға жеткілікті атыс қаруы бола тұра, ол өзгелердің өміріне қауіп төндірген.

Елдос Қилымжанов, ҚР Бас прокуратурасы бірінші қызмет бастығының орынбасары:

- Нәтижесінде әуежайға айтарлықтай зиян келді. Инфрақұрылымы бұзылды, кәсіпкерлердің мүлкі ұрланды, жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді. Дегенмен сол кезде әуежайда 165 қауіпсіздік қызметкері, оның ішінде 40 полиция қызметкері, 65 шекарашы, 60 авиация қауіпсіздік қызметінің қызметкері болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.