{metadescription}
Диірменшілер шикізаттың жоқтығын айтып шырылдап отыр
Диірменшілер шикізаттың жоқтығын айтып шырылдап отыр

Диірменшілер шикізаттың жоқтығын айтып шырылдап отыр

Диірменшілер дабыл қақты. Ұн өндірісіне жауаптылар шикізаттың жоқтығын айтып шырылдап отыр. Бұлай жалғаса берсе, кәсібіміз тұралап, ұн өндірісі тоқтай ма деп қорқады. Сол себепті тез арада астық экспортына шектеу қоюды ұсынды. Біздегі бидай шетке кетіп ел қамбасын толтырмайды деп отыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігі басқа дерек келтірді. «Ешқандай тапшылық жоқ» деген шенеуніктер «байбайламға салынбаңыздар» деп шаруаларды сабырға шақыруда. Бағаны бағамдап нарықты тұрақтандыру үшін министрлік қандай шара қолданады?

Қараша қанттың әбігерінен енді құтылдық па дегенде, желіде «астық тапшы», «нан қымбаттайды» деген ақпар тарады. Астық өңдеушілер одағының дерегіне сүйенсек, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарындағы бірқатар диірмен жұмысын уақытша тоқтатқан. Өйткені «шикізат жоқ» деп қаптың түбін қағып отыр. Сондықтан жеделдетіп бидай экспортына шектеу қою керек дейді олар.

Әлихан Талғатбек, Қазақстан астық өңдеушілер одағының вице-президенті:

- Біздің мақсатымыз байбалам салу емес. Ескерту. Мәселені жоққа шығара алмаймыз. Қазақстандықтарды ұнмен қамтУҒА ай сайын 280300 мың тонна көлемінде астық керек. Қазір шикізат сатып ала алмай отырмыз. Бағаны тоннасына 150, 160 тіпті 170 мыңға дейін көтердік. Ұсыныс жоқ. Бірақ ескерте жайт, олай болған жағдайда ұн да қымбаттайды. Сондықтан астық экспортын енгізуді ұсынып отырмыз. Өйткені бас-аяғы он күнде теміржолмен 165 мың тонна астық шетке шығып кетті.

Ал астық өсірушілер диірменшілерді кінәлайды. Өйткені Ресей астығы тоқтаусыз келіп тұрған тұста отандық бидайға деген сұраныс болмапты. Біздің шаруалар жергілікті астықты қымбатсынып, шет өніміне сұранысты арттырған. Енді импорт тоқтағанда диірменшілер кеткен шығынын біз арқылы өтемек деп отыр. Ал біздің баға қымбат емес. Те, егіншілер еңбегінің ақысын ғана алғысы келеді екен.

Евгений Карабанов, Қазақстан астық одағын ресми өкілі:

- Егін егу жұмысына арналған ресурс еселеп қымбаттады. Бірнеше пайызға емес, бағасы еселеп өсті. Мен сізге жіктеп те айтып бере аламын. Тыңайтқыштар 1,8 пайызға, зиянкестерге арналған жабдық 2 жарым есеге, тұқым 1,7 пайызға, қосалқы бөлшек 3 есеге қымбаттады. Сондықтан астық өсірушілер қазіргі нарықтағы бағаға өнімін сату арқылы шығынын өтеуге тырысады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі жағдай бақылауда деп отыр. Ел ішіндегі дау-дамайдың себебі астықты өндірушілер мен өңдеушілердің бір-бірін түсінбегендігінен дейді олар. Яғни сатушы мен сатып алушы өзара ортақ бағаға келісе алмаған.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

- Баршаңызды байбалам салмауға шақырамын. Өйткені елде жеткілікті көлемде астық бар. 1сәуірдегі көрсеткіште 6 миллионнан астам қор бар. Бұл ішкі нарыққа да, сондайақ экспортқа да толық жетеді. Сонымен қатар "Азықтүлік корпорациясының" ресурсында 800 мың тоннадан астам астық бар, олар қажет болған жағдайда жағдайды тұрақтандыру үшін ішкі нарыққа жіберілетін болады.

Егер өңірлерден сұраныс болса, министрлік арзан бағамен қордағы астықты жөнелтпек. Бірақ айта кеткен жөн, бұл әлеуметтік ұн тек әлеуметтік нанға ғана жұмсалады. Демек ас атасының құны ғана қалыпты күйінде қалмақ. Қалған ұн өнімдерінің бағасының өсуі әбден мүмкін.

Ішкі нарықты тұрақтандырып бағаны бағындыру үшін ауыл шаруашылығы министрлігі 15-сәуірден 15-маусымға дейін астық пен ұн экспортына квота енгізеді. Яғни шаруалар тек 1 миллион тонна дән мен 300 мың тонна ұнды шетелге саудалай алады. Және оның 10 пайызын арзан бағамен ішкі нарыққа сатуға міндетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде