{metadescription}
Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанмен шекара ашылды
Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанмен шекара ашылды

Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанмен шекара ашылды

Қазақстан бүгіннен бастап Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанмен шекарасын ашты. Бұрын 15 күнде бір-ақ рет шекарадан өтуге рұқсат етілсе, енді алынып тасталды. Бірақ коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР-тестінің теріс нәтижесі немесе вакциналау құжатын көрсету шекарада міндетті болып қала береді.

Ержан Байтанаев, ҚР ДСМ Санитария-эпидемиологияны бақылау комитетінің ресми өкілі:

- Өзбекстан және Қырғызстан Республикаларының азаматтарының бізде вакциналау паспорты мойындалғандықтан, ол мемлекеттің азаматтары вакцина алғанына 6 ай өтпеген жағдайда, вакциналау паспортымен өте алады. Ресей Федерациясының азаматтарында міндетті түрде тек ПТРтест нәтижесі болуы керек. Өйткені бізде вакциналау паспортын мойындау қазір аяқталу уақытына жетті.

Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өту талабына сәйкес, біздің азаматтар болсын, шетелдік болсын, вакциналау құжатын көрсете алады. Бастысы, екпе қағазын Қазақстан мойындауы керек. Еліміз құжатты жарамсыз деп таныса, шекарадан өтпек болғандар теріс нәтижесі бар ПТР-анықтамасын көрсетуі шарт. Егер коронавирус анықталған жағдайда, жолаушы ауруынан толық айығып, содан соң тест тапсырып, қайта мүмкіндігін пайдалана алады.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің азаматтары Ресейге барарда коронавирусты анықтайтын тест тапсырмай-ақ қойса болады. Ресейдің бас санитар дәрігері 30-наурызда осындай қаулі жариялаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде