{metadescription}
ШҚО: Суда қалған тұрғындар үйіне орала бастады
ШҚО: Суда қалған тұрғындар үйіне орала бастады

ШҚО: Суда қалған тұрғындар үйіне орала бастады

Шығыс Қазақстан облысындағы су астында қалған ауыл тұрғындары үйіне орала бастады. Үбі өзені арнасынан асып, Речное елдімекеніндегі 10 шақты баспанаға қызыл су кірген болатын, қазір қауіп сейілді.

Үбі өзеніндегі су деңгейі айналасы 20 сағаттың ішінде күрт көтерілген. Құтқарушылар ауыл тұрғындарын дереу қауіпсіз жерге көшірді. Өйткені қызыл су сегіз баспананы бүлдірген. Ондағы 36 тұрғын мен мал-мүлік эвакуацияланды. Мамандар өзендегі мұзды жарып су деңгейін азайтқан.

Ринат Қондыбаев ШҚО ТЖД ТЖ жою басқармасының бастығы:

- Оқиға орнына жеке құрамнан 38 қызметкер, 3 техника,  7 мотопомпа жұмылдырылды. Қоғамдық тәртіпті сақтау және су басқан үйлерден тонауға жол бермеу үшін полиция қызметкерлері де қызмет атқарды. Жергілікті атқарушы орган қызметкерлері жағаны бекітті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде