{metadescription}
Алматы бас дәрігерінің орынбасары қызметінен уақытша шеттетілді
Алматы бас дәрігерінің орынбасары қызметінен уақытша шеттетілді

Алматы бас дәрігерінің орынбасары қызметінен уақытша шеттетілді

Басы дауға қалған Алматы қаласы бас дәрігерінің орынбасары Лаура Мырзағали қызметінен уақытша шеттетілді. Қазір Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Келеңсіз жайтты  мемлекеттік қызмет істері департаменті мен әдеп жөніндегі кеңес өкілдері де бақылауға алған.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы:

- Оқиғаның мәнжайын анықтау мақсатында қызметтік тексеріс бастады. Тексеріс қорытындысына сәйкес тиісті шара қолданылатын  болады.

Мәліметтерге қарағанда, Лаура Мырзағалидің қатысуымен әлеуметтік желіге таралған даулы видео өткен жылы түсірілген көрінеді. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлеріне жаңа жыл қарсаңында бес-алты айлық көлемінде мерекелік сыйақысы бір күнде түсіріліпті-міс. Ал басшының орынбасары қол астындағы қызметкерінен сол сыйақының бір бөлігін өздеріне аударуды талап еткеннен шыққан жанжал таспаға түсіп қалған сыңайлы. Бірақ оған көнбей өзіне қарсы шыққан маманға Лаура Мырзағали дауысын көтеріп айқайға басқан. Қарлығаш есімді қызметкер заңды сыйақысын басшысының қолына ұстатуға табанды түрде қарсылық танытады. Басшы мен қызметкер арасындағы әңгімеден сыйқының бір бөлігін Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынабасарына беруге өзге мамандар келіскен көрінеді.

- Түк түсінбеген бір адам маған айтады: мен неге өз ақшамды сізге беруім керек дейді. Енді содан алыңыздар, соған тиістіні. Өзі қол қойсын, ендігәрі оны осындай қарымқатынаста көрмейтін болайын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде