{metadescription}
Шымкентте аттракционнан құлаған жігіт ес-түссіз жатыр
Шымкентте аттракционнан құлаған жігіт ес-түссіз жатыр

Шымкентте аттракционнан құлаған жігіт ес-түссіз жатыр

Жасанды құзға өрмелеймін деп жазым болды. Шымкентте аттракционнан құлаған 20 жастағы жігіт ес-түссіз жатыр. Оқыс оқиға Жайлаукөл саябағында болған. Жапа шеккен азамат қызметкерлер ауыз ашуға кеткен кезде билетсіз кірген. Қауіпсіздік ережесін сақтамаған ол бес метр биіктіктен тасқа басымен құлаған.

Оқыс оқиға кешкісін ауызашар уақытында болған. Нұсқаушы маман оразасын ашуға кеткенде 20 жастағы жігіт аттракционға билетсіз кіріп кетіпті. Қауіпсіздік белдігін өзінше таққан ол қауіпті қабырғамен өрмелей жөнелген. Тек мініп түсудің орнына бес-алты метр биікте ары-бері шайқала бастаған. Осы кезде дұрыс тағылмаған белдік шешіліп кетіп, бозбала жұмсақ төсеніш үстіне емес, тастың үстіне құлайды. Құлап бара жатқанда аяғы темір қоршауға ілініп қалған.

Оқиға орнында қан ізін әлі де байқауға болады. Ауыр жараққаттан есін жоғалтқан жігітке саябақ қызметкерлері бірден көмек көрсетіп, жасанды тыныс алдыртыпты. Миы шайқалған ол әлі тілге келген жоқ.

Лаура Нақыпқызы, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Дәрігерлер науқасты қарап, бас сүйек жарақатын анықтап, шұғыл ота жасады. Қазір науқастың жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр. 

«Жазатайым жағдай қауіпсіздік белдігінен болуы мүкін емес», - дейді аттракцион қызметкерлері. Өйткені альпинистік арқандар мен мамандары жыл сайын шетелде сынақтан өтіп тұрады екен. Сондықтан саябаққа  ұрланып кірген жігіт өз салғырттығынан мертікті деп санайды.

Бекболат Төлеев, саябақ директоры:

- Карабин  тағатын жер бар, одан кейін қасында супуын ілетін тағы басқа тағатын жері болады. Карабинді су ілетін жерге байлаған, Асығып, дұрыс тақпаған. Егер дұрыс таққанда, қандай жағдай болса да сақтайтын еді. Ондай жағдай болмас еді.

Саябақ басшылары ес-түссіз жатқан жігітке қолдан келер көмекті аямаймыз деп сендірді. Десе де  қазір нысанның қызметін құзырлы орындар тексеріп жатыр. Сондай-ақ полицейлер бір баппен қылмыстық іс қозғап тергеуді бастап кетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде