{metadescription}
Ботаника бағында балық қырылып қалған – Нұр-Сұлтан
Ботаника бағында балық қырылып қалған – Нұр-Сұлтан

Ботаника бағында балық қырылып қалған – Нұр-Сұлтан

Елордадағы ботаника бағында балық қырылып, су бетіне қалқып шыққан. Инспекторлар әкімдікті кінәлады. Жыл сайын тазарту жүргізіңдер деп зар илесе де, жергілікті билік құлаққа ілмеген. Соның салдарынан қыста бассейнмен бірге балығы да қатып қалыпты. 

Әбжан Сәрсенбаев, «Есіл» бассейн балық шаруашылығы инспекциясының бас инспекторы:

- Бұл мәселе жыл сайын су резервуары ашылғаннан бері көктемде осылай болып жатыр. Күзде балықты аулап басқа өзенге жіберу керек. Сонда балық өлмейді.

Көл ботаника бағындағы 30 мыңнан астам ағашты суаруға арнайы жасалған. Оған Есіл-Нұра каналынан су тікелей құйылады. Яғни шабақ сол сумен ағып келеді екен. Жасанды бассейн терең болмаған соң, қыста майшабақтар сумен бірге қатып қалған. Балық иснпекторлары бұған таң қалмайды. Себебі: көктемде тоң ерігенде өлген балықты жинауға үйреніп алған. Күн жылығалы 70 келіден артық өлі балықты қоқысқа лақтырыпты. «Майда шабақтар түспес үшін арнайы тор қойыңдар немесе күзде арнаны судан толық тазалаңдар» деп жергілікті әкімдікке айта-айта шаршаған. Ал әкімдік: «Табиғи жолмен келетін балыққа ештеңе істей алмаймыз, бассейнге су жиі құйылады», - дейді.  

Фархад Мойынов, Есіл ауданы әкімдігінің бас маманы:

- Су қоймасы балық асырауға арналмаған. Ол жерде негізінен жасыл желекті суару және су бұрқағын жүргізуге арналған су.  Бір айда оның ішіне кіретін су Нұрадан 300 мың текше метр. Сыйымдылығы 90 мың шаршы метр. Бір айда үш рет толық ауыстырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде