Ақтауда көлік қаққан 12 жастағы бала комадан шықты
Ақтауда көлік қағып кеткен 12 жастағы баланың беті бері қарады. Кешелі бері ес-түссіз жатқан бала бүгін өздігінен демала бастаған.
Автор: Айман Нұрмағанбет
11.04.2022
Жол апаты кеше күндізгі сағат үш жарымда болды. Жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан жасөспірімді Toyota Camry көлігі қағып кеткен. Ауыр соққыдан бала бірнеше метр жерге ұшып түсіпті. Ол жедел түрде ауруханаға жеткізіліп, бас сүйегіне шұғыл ота жасалған.
Ербол Кенжевалов, Маңғыстау облысы балалар ауруханасының нейрохирургі:
- Балалар ауруханасына жедел келіп түсті. Ауыр бас жарақатымен. Миына эпидуралдық қан құйылуы, ми шайқалған, ауыр дәрежеде. Травматикалық шок, анемия, ауыр дәрежеде. Қазір баланың жағдайы тұрақты ауыр. ИВЛ аппаратынан алынды. Өзі демалып жатыр. Комадан шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!