{metadescription}
Министрлік: Нарық бидай құнын өзі реттеуге тиіс
Министрлік: Нарық бидай құнын өзі реттеуге тиіс

Министрлік: Нарық бидай құнын өзі реттеуге тиіс

Ауыл шаруашылығы министрлігі диірменшілер мен астық өсірушілер арасындағы дауға араласқысы келмейді. Министр Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, орталық орган бұл жағдайда тек бақылаушы рөлін атқарады. Ал нарық бидайдың құнын өзі реттеуге тиіс.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Біз бидай, не ұн өңдейтін өндірушілер арасында келісімсөз жүргізе алмаймыз.  Шу көтеріп отырғандардың 80 пайызы, ұн өңдейтіндердің 80 пайызы экспортқа шығарып отыр. Сол себепті олар келісуі керек.

Ресейден бидай импорты тоқтағалы қазақстандық астық өсірумен айналысатын шаруалар мен диірменшілер бір бағаға келісе алмай жатыр.

Көрші елдің шикізаты арзан болған соң, біздің ұн тартушылар солардыкін сатып алып жүріпті. Ал тыйым енгізілгеннен бері диірменшілер тоннасына 160 мың теңгеге дейін шарықтаған отандық бидайды сатып алуға мәжбүр. Ол былай тұрсын, астық өңдеушілер сатып алуға дайын болғанымен қажет көлемдегі шикізатты ала алмай отыр екен. Ал шаруалар олардың бұл сөзін жоққа шығарды. Мәселеге бейжай қарамаған ауыл шаруашылығы министрлігі де елдегі барлық элеваторға барып дәнді дақылдың бар-жоғын тексеріпті. Елде ешқандайда тапшылық болмаған, алдағы уақытта да болмайды дейді шенеуніктер. Өйткені елде алты жарым миллион тонна бидай бар. Десе де министрлік тек әлеуметтік нан бағасын ұстап тұруға қауқарлы.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Әлеуметтік нанды алатын болсақ, әлеуметтік нанға ұн жеткілікті. І сұрыпты 400 грамдық әлеуметтік нанның бағасы сақталады. Оған біз 275 мың тонна бидайды өзіміздің қорымызда сақтап, өңірлерге солардың сұранысымен  жіберіп отырамыз. Қалған ұн өнімінің бағасы бидай бағасымен байланысты болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде