{metadescription}
Мемлекет көлік алуға төрт пайызбен жеті жылға несие береді
Мемлекет көлік алуға төрт пайызбен жеті жылға несие береді

Мемлекет көлік алуға төрт пайызбен жеті жылға несие береді

Индустрия және инфрақұрылым даму министрі отандық нарықтағы темір тұлпардың құны жоғары екенін мойындады. Шетелден келетінінің құны соңғы айларда еселеп өскен. Ал өзімізде құрастырылатыны тапшы.

Қайырбек Өскенбаев көлікке қол жеткізу үшін кей отандастарымыздың үш-төрт айлап кезекке тұратынынан хабардар. Министр осы мәселені шешу үшін бүгін Үкімет отырсында жеңілдетілген автонесие бағдарламасымен таныстырды. Егер тиісті шешім қабылданса, бағдарлама осы айдың аяғында жұмысын бастау,а тиіс.

Бұрын белгілі болғандай, бұған утильалымынан жиналған 100 миллиард теңге жұмсалмақ. Енді мемлекет көлік аламын деушілерге төрт пайызбен жеті жылға несие беруге дайын. Бірақ сатып алар көлік құны 10 миллион төңірегінде болуы керек. Белгіленген мөлшерден асып кеткен жағдайда, үстіндегі ақшаны өз қалтаңыздан төлейсіз.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылым даму министрі:

- Төрт пайыздан несие беретін тәртіпті бекіттік. 10 миллион теңгеге дейін сомасын белгіледік. Одан қымбат та көлік алуға болады. Бірақ айырмашылығын қалтаңыздан төлейсіздер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде