Ақтөбе: Тасқын шығынын бес бағалаушы компания анықтайды
Ақтөбеде үйін су басқан тұрғындардың шығынын бес бағалаушы компания анықтайтын болды. Комиссия мүшелері өтемақы төлер кезде солардың берген есебіне жүгінеміз деп отыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
12.04.2022
Тасқын кезінде тек Ақтөбе қаласының өзінде 123 үйді су басқан. Екі ауданға бөлінген комиссия алғашқы тексеруін тәмамдады. Одан кейін шығынды тексеруге бағалаушы компаниялар кіріседі. Олар шығын көлемін және қандай құрылыс материалы қажет екенін айтып береді.
Ал су басқан аймақта пәтер жалдап отырғандарға бір тиын да бұйырмайды. Өйткені өтемақыны бүлінген үйдің иесіне береді немесе құрылыс материалын алып береді. Әйтсе де кейбір қайырымдылық қоры тасқыннан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетіп жатыр. Бірақ меценаттар оны ашық айтуды құптамапты. Қазір су басқан жүзден аса үйдің ішінде тек он отбасы ғана шаңырақтарында тұруға мүмкіндігі жоғын айтқан. Олар жатақханаларға көшіріліп жатыр.
Асхат Шахаров, Ақтөбе қаласының әкімі:
- Жалпы қанша шығын келген, оны өтейтін боламыз. Бұл мәселе тұрғындарға жеткізілді. Комиссия жұмыс істеп жатыр. Тұрмыстық техниканы заң аясында өтеуге мүмкіндігіміз жоқ. Қалған келген шығын өтеледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!