Петропавл қаласының аты ауыстырылмайды
Петропавл қаласының аты ауыстырылмайды. Әлеуметтік желіде қызу талқыланған мәселеге қатысты теріскейдегі шаһар әкімі жауап берді.
Автор: Әзиза Нұрмағанбет
12.04.2022
Соңғы күндері әлеуметтік желіде Солтүстік Қазақстан облысының орталығын «Қызылжар» деп өзгерту туралы ұсыныс қызу талқыланып жатыр. Тіпті арнайы петиция пайда болған. Онда елдің солтүстігіндегі екі қаланың атын өзгертуді ұсыныпты: Петропавлды - Қызылжар, ал Павлодарды Ертіс қаласы деп атауды сұраған. Бірнеше күннің ішінде сауалнамаға 40 мыңнан астам адам қатысып дауыс берген. Олардың басым көпшілігі қала атауын өзгертуді қолдап отыр.
Асқар Хабибуллин, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:
- Бұл петицияға қала әкімдігінің еш қатысы жоқ. Бұл жеке адамның жазған өтініші және оны мемлекеттік органға қатысы жоқ жеке сайтта жарияланған. Қазір қала атауын ауыстыру туралы мәселе күн тәртібінде жоқ. Егер алдағы уақытта бұл мәселе тағы шығатын болса, онда ол Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаралады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!