{metadescription}
КҚК апаты:  Шұғыл жөнделіп бітпесе, шығын да көп болады
КҚК апаты:  Шұғыл жөнделіп бітпесе, шығын да көп болады

КҚК апаты:  Шұғыл жөнделіп бітпесе, шығын да көп болады

Шұғыл жөнделіп бітпесе, шығын да көп болады. Энергетика министрі Каспий құбыр желісі консорциуымындағы апат салдарын осылай бағамдап отыр. Болат Ақшолақовтың сөзінше, жөндеу жұмыстары мамырға шейін созылса, қазына біраз табыстан қағылуы мүмкін.

Сол үшін біздің шенеуніктер сәуірдің 15-не дейін Новороссийск түбіндегі мұнай құбырларының жұмысын алыстан бақылап отырмақ. Одан кейін ғана арнайы мамандарды жіберуге дайын.

Қазақстан мұнайының үштен екісін экспорттап келген Каспий құбыр желісі консорциумында апат 22-наурыз күні болған. Дауыл салдарынан Ресейдің Новороссийск маңы арқылы өтетін екі бірдей бөлігі істен шыққан еді. Сол кезде жөндеу шамамен бір жарым, екі айға созылуы мүмкін деп болжаған. Дәл қазір магистраль 60 пайызға жұмыс істеп тұр. Ақшолақов бұған дейін де тұралаған экспорт шығынын қымбаттаған мұнай бағасы арқылы жабамыз деген. Енді энергетика министрі жөндеу аяқталғанша, бірінші тоқсаннан қалған артық өндірісті көңілге медеу қылып отыр.

Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі:

- Біз қазір пайдаланатын балама бағыттарға қосымша вагондарды таптық. Атырау Самара бағытында квотаны ұлғайту туралы келістік, яғни барлық мәселені осы уақыт ішінде шешуге тырысамыз. Егер қосымша вагонцистерналарды ала алмасақ, не істейміз? Бірінші тоқсанда мұнайды 7,5 пайызға артық өндірдік. Міне, осы қорды уақытша қолданамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде