{metadescription}
Балабақша қызметкерлері ақша жинаудан мезі болған — Алматы облысы
Балабақша қызметкерлері ақша жинаудан мезі болған — Алматы облысы

Балабақша қызметкерлері ақша жинаудан мезі болған — Алматы облысы

«Ақша жинаудан жалықтық!» Алматы облысында мемлекеттік балабақшаның қызметкерлері ауызбастырық жинағыш меңгерушіден мезі болдық деп шулады.

«Балдәурен» бөбекжайының тәрбиешілері мен бала күтушілері: «Былтыр жаңа басшы келгелі, ақша жинаудан көз ашпадық», - деп кейіді. Олар басшылары сан түрлі сылтаумен мардымсыз жалақымызға қырғидай тиеді деп отыр.  Алайда мектепке дейінгі мекеменің басшысы мұның бәрін жоққа шығарып отыр.

«Балдәурен» балабақшасының ұжымы  бір жыл бойы бала бағамыз деп емес, қайткенде ақша табамыз деп титықтап жүр. Өйткені былтыр келген жаңа басшы қит етсе ақша жинап, қарамағындағы қызметкерлерді әбден қажытқан көрінеді. Соның кесірінен мардымсыз жалақымызды жеткізе алмай қиналамыз дейді шағымданушылар.

Гүлнәр Жүнісова, бала күтушісі:

- Алатын айлығымыз 70 мың теңге. Соның ішінде тамаққа ұсталатыны 5 мың теңге. Тамақ ондай бағаға татымайды. Газетке жазыламыз, Наурызға деп жинады. Антикор, Совмин деді. Содан кейін тағы ұсақтүйек бар. Пәтер жалдайтындар бар. Азық-түлік күннен-күнге қымбаттап жатыр. Коммуналдық төлем де қымбат. Жолымыз бар.

Мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісі тәрбиешілерден ақшаны көбірек алатын көрінеді. Олар мемлекеттік аттестациядан өтуге әрқайсысы 40 мың теңгеден аударыпты. Ал қарсы шыққан қызметкерлерге айлықтарың қысқарады деген әңгіменің шетін шығаратын көрінеді.

Айгүл Шеризат, тәрбиеші:

- Енді келіп сәуірден бастап айлықтан 25 пайыз ұсталады деді. Айлығымыз керемет 200300 мың емес, “мә деп бере салатын! 140 мың аламыз. Оның 21 мыңын берсем. Үйім, ипотекам, балашағамды кім асырайды? Не үшін жұмыс істейміз онда? Ақша жинау тоқтатылсын! Бізге жұмыс істеуге мүмкіндік берілсін!

Жұмысын тоқтатып талабын жеткізгендердің ортасына меңгеруші де келді. “Жасыратыным жоқ” деген балабақша басшысы “қарамағымдағы қызметкерлерден көк тиын алмадым” деп ақталды.

Гүлнәр Оралбекқызы, «Балдәурен» мемлекеттік балабақшасының меңгерушісі:

- Аттестацияға ақша жинаған жоқпын. Жина деп айтқан жоқпын. Қазір жемқорлық деген нәрсе бар. Бәріміз осы орынға келгенде сол бойынша сөйлеседі ғой. Наурызға қатысты айтатын болсам, жинаған қыздар, мен емес. Өздері жинады. Мен ол ақшаны қалтама салып отырған жоқпын ғой. Біз сізге дейін осылай дайындыққа жинайтын едік деді. Жинайтын қыздарымыз бар деп. Сіз оны ойламаңыз деді. Солай.

Гүлнәр Оралбекқызының айтқаны қаншалықты рас-өтірік екенін енді жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті анықтайды. Өйткені басшымыз орнынан кетсін деген қызметкерлер құзырлы органдарға шағымданып үлгеріпті. Аудандық білім бөлімі де бөбекжайдағы кикілжіңді естіп қызметтік тексеруді бастап кетті. Енді мектепке дейінгі мекеменің кірісі мен шығысы да есептеліп, ішкі аудит жүргізілмек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.