{metadescription}
«Сбербанк Қазақстанның» несие міндеттемесі «Халық банкке» беріледі
«Сбербанк Қазақстанның» несие міндеттемесі «Халық банкке» беріледі

«Сбербанк Қазақстанның» несие міндеттемесі «Халық банкке» беріледі

«Сбербанк Қазақстанның» несиеге қатысты міндеттемесі «Халық банкке» берілетін болды. Ресейлік қаржы ұйымында ақшалай, кепілсіз, жеңілдетілген авто несие және ипотека рәсімдеген клиенттер төлемін енді «Халық банкте» жасайды. Бірақ төлем мерзімі, кестесі, пайыз мөлшерлемесі өзгермейді.

Дегенмен «Сбербанк» алдағы үш ай штатты режимде жұмыс істей береді.  Ал «Альфа Қазақстан банкі» тығырықтан шығу үшін екінші деңгейлі банктермен келіссөз жүргізуде.

«Сбербанктың» Қазақстандағы филиалдарынан көлік, үй, ақша алу үшін несие рәсімдеген отандастарымыз ай сайынғы төлемін бүгіннен бастап «Халық банкте» төлейді. Хабарлама қаржы ұйымының еліміздегі клиенттеріне жіберіліп жатыр. Ақпарат алып, оның анық-қанығына көз жеткізу үшін Дилара Амангелдіқызы алып-ұшып банк бөлімшесіне келіпті.

Дилара Амангелдіқызы:

СМС алған соң келдім. Енді «Халық банкке барыңдар» деді. Менеджерден сұраған жоқпын. Бергі жағындағы кісілер айтты.  Ертең, арғы күні төлеуім керек. Білмеймін енді, көреміз. Қазір «Халық банкке» барамын.

Себебі: «Сбербанк Қазақстанның» 330 млрд теңге болатын несие қоржынын «Халық банк» алған. Бірақ банк ауысқанымен, төлем сомасы, кестесі мен несиенің пайыз мөлшерлемесі өзгермейді.

Жалпы ресейлік қаржы ұйымының елдегі филиалдары өзге операцияны  орындап, 12-шілдеге дейін қалыпты режимде жұмыс істей береді. Өйткені АҚШ «Сбербанктің» Қазақстандағы филиалына қатысты санкцияны үш айға шегерген.

Досбол Арыстанбеков, Halyk bank АҚ баспасөз хатшысы:

- Әрбір «Сбербанк» клиенті «Халық банктің» ресми сайтына кіріп ЖСН көрсету арқылы нақты ол кісінің несиесі «Халық банкке» өтті ме, өткен жоқ па, соны білуге болады.  Егер осыған дейін «Халық банктің» клиенті болмаса, банк бөлімшесінен карта ашуға, болмаса «ХалықХоме» қосымшасына кіріп, карта нөмірін толтырса, ай сайынғы төлем алынатын болады.

Тағы бір ресейлік банктің біздегі филиалы – «Альфа Қазақстаннан» ақшасын шешіп алу үшін клиенттері бөлімшелерге ағылып жатыр. Алайда шектеуге байланысты қомақты қаражатты қолма-қол алу немесе аудару мүмкін емес. Бұл жайт қыруар қаржысын осы банкте сақтаған кәсіпкерлердің қолын байлап отыр.

Мақсат Әділов, кәсіпкер:

- Шотта ақша жатыр, оны ала алмаймыз, қолдана алмаймыз, ешқайда жібере алмаймыз. Біраз ақша бар. Айлық, салық төлеу керек. Басқа компаниялармен алысберісіміз бар. Күтеміз енді, басқа амал жоқ. Банк шешімін күтіп жүрміз.  

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Альфа банктен» бір апатада рекордтық 100 млрд теңге шешілгенін жеткізді. Мұндай жанталастан соң банкте ұлттық валюта тапшылығы туындап, тиісінше күнделікті алуға болатын соманың мөлшері қысқарған. Қазір мәселені шешіп тығырықтан шығу үшін «Альфа» екінші деңгейлі банктермен келіссөз жүргізуде.

Олжас Қизатов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары:

- «Альфа банк Қазақстан» қосымша өтімділікті тартуға мүмкіндік беретін несие қоржынының бір бөлігін сатуға болатынына қатысты екінші деңгейдегі банктермен келіссөз жүргізуде. Ұзақ мерзімді болашақта банктің орнықты жұмысын қамтамасыз ету үшін акционерді толық ауыстыру сценарийі қарасырылуда. Банк клиентер алдындағы міндеттеме 445 млрд тенгені құрайды. Ол 480 млрд тенге сомасындагы жоғары сапалы нсие қоржыны және 134 млрд тенге мөлшеріндегі меншік капитал есебімен өтеледі.

Ал Қазақстандағы «Сбербанкте» өз міндеттемесін өтеуге мүмкіндік беретін трилионнан астам несие қоржыны және 400 млрд теңге мөлшерінде капитал қоры бар. Ипотека рәсімдеуден өзге қаржы ұйымдарынан көш ілгері болған банк мемлекет алдындағы берешегін толық өтепті.

Сондықтан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі санкцияға іліккен ресейлік банктердің клиенттерін дүрлікпеуге шақырды. Қаржы ұйымындағы «қаражат толық сақталады» деген агенттік уайымдауға негіз жоқ деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде