{metadescription}
Жамбыл облысында бірнеше ауылды су шайып кете жаздады
Жамбыл облысында бірнеше ауылды су шайып кете жаздады

Жамбыл облысында бірнеше ауылды су шайып кете жаздады

Жамбыл облысында бірнеше ауылды су шайып кете жаздады. Таулы аймақтарда толассыз жауған нөсерден сел жүріп, елдімекендерге қауіп төнді. 

Бірнеше сағат бойы шелектеп жауын жауып, сел жүріп, сай-саланы қуалап үш елдімекенге лап қойған. Ауыл көшесі үйлердің ауласы әп-сәтте көлшікке айналып, көлік қатынасына дейін қиындаған. Нөсер дер кезінде басылмағанда жағдай одан әрі ушығуы мүмкін еді. Бұл тұрғындарды әбден шошытты. Өйткені екі жыл бұрын да дәл осындай сел жүріп бірнеше ауыл жұртын әбігерге салған. Терең орға жеңіл көлік батып кетіп, ішіндегі төрт адамды әзер құтқарып алған.   

Ерғазы Еспенов, Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары:

- Адам шығыны мен мал шығыны жоқ. Шұғыл әрекет ету тобы жасақталып, барлық жағдай тұрақты бақылауда. Төрт техника, 30 адам жұмылдырылып, төтенше жағдай жойылды. Бүгінде жағдай тұрақты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде