{metadescription}
Мәжілісмендер алаңдап отыр – 13 мыңдай Ресей азаматы қазақстандық ЖСН алған
Мәжілісмендер алаңдап отыр – 13 мыңдай Ресей азаматы қазақстандық ЖСН алған

Мәжілісмендер алаңдап отыр – 13 мыңдай Ресей азаматы қазақстандық ЖСН алған

Жыл басынан бері 13 мыңға жуық Ресей азаматы Қазақстаннан жеке сәйкестендіру нөмірін алған. Біздің елге тұрақты қоныстануға келгендер саны да өсіпті. Жыл басынан бергі статистика бұған дәлел. Ішкі істер министрлігі мұны жылдағы қалыпты жағдай дегенімен, мәжілісмендер алаңдаулы.

«Әсіресе отандық бизнеске әсер етпей ме?» деп сауал қойып отыр. Депуттар бұған қатысты қандай бастама ұсынды?

Арқаның аязы кетіп күн райының жылығаны әсер етті ме, әйтеуір бүгін  көктеммен бірге депуттар да «бусанып» сала берді. Мәжілісмендердің қарқыны қатты болғанын жолданған 25 депутаттық сауалдан байқауға болады. Бас аяғы үш сағатта әлеуметтің әртүрлі саладағы қордаланған мәселесін айтуға тырысты. 

Парламент қабырғасында көтерілген жанды мәселенің бірі – Ресей азаматтары. Жыл басынан бері 13 мыңға жуық Ресей азаматы жеке сәйкестендіру нөмірін алған. Бірақ бұл азаматтық алғанын білдірмейді дейді ішкі істер вице-министрі.  

Марат Қожаев, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:

- Қазіргі уақытта тұрғылықты мекенжай сұраған Ресей азаматтарының өсуі байқалады. Егер бұрындары бұл көрсеткіш жылына 350400 шамасында болса, 2022 жылдың бірінші тоқсанында мыңға жуық адам біздің елде тұруға рұқсат сұрады. Сондай-ақ Ресейдің 170-ке жуық азаматы Қазақстан азаматтығын алу туралы өтініш берді. Жалпы қазір елде 130 мыңға жуық ресейлік бар. Шамамен 120 мыңнан астам азамат Қазақстаннан шығып кетті.

«Бұл жылда қайталанатын қалыпты жағдай», - дейді вице-министр. Мысалы, пандемияға дейінгі 2018-2019 жылдары Қазақстанға кіріп-шыққан ресейліктер саны 360 мыңға жетіпті. Бірақ мәжілісмен Аманжан Жамалов елдегі бизнеске алаңдап отыр.

Аманжан Жамалов, Мәжіліс депутаты:

- Санкцияға байланысты Ресей сауда ағынын басқа елдерге, бірінші кезекте ЕАЭО елдеріне қайта бөлетін болады. Бір жағынан бұл арзан ресейлік тауар сатып ала алатын қазақстандықтарға жақсы, бірақ, екінші жағынан, біздің Қазақстанда өз тауарлар, өз кәсіпорындарымыз бар. Онда біздің азаматтарымыз жұмыс істеп жалақы алады. Олардың барлығы өсіп келе жатқан ресейлік импорттан зардап шегеді. Үкіметте дағдарысқа қарсы шара бойынша жедел штаб құрылды. Оған ішкі нарықты қорғау мен бизнесті қолдаудың нақты шараларын пысықтау қажет деп санаймын.

Аманжан Жамалов отандық бизнес бәсекелестікке төтеп беруі үшін маңызды тауар шығаратын кәсіпорындардың несиесін кейінге қалдыруды және есептен шығаруды ұсынды. Оларға 0 пайызбен жалақы несиесін беруді, сондай-ақ жалдау және коммуналдық төлемді субсидиялау керек дейді.  

Мәжілісмен заңды тұлғалардың банкроттығын уақытша шектеп, мораторий енгізуді ұсынды. Өйткені біздің кәсіпкерлердің өнімі арзан ресейлік тауарлардың көлеңкесінде қалып қалуы мүмкін деп қауіптенеді. Олай болған жағдайда несие берушілер кәсіпкердің дүние-мүлкі мен жиған-тергенін алып қоймауын қарастыру керек. «Қазір мақсатымыз –  экономикамызды сақтап және әрі қарай дамыту», - дейді депутаттар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде