{metadescription}
Қаржы пирамидасын жарнамалаған блогер жауапқа тартыла ма?
Қаржы пирамидасын жарнамалаған блогер жауапқа тартыла ма?

Қаржы пирамидасын жарнамалаған блогер жауапқа тартыла ма?

Қаржы пирамидасын жарнамалаған блогер жауапқа тартыла ма? Ішкі істер министрлігі көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді. Құзырлы мекеме оларды ұстауға заңның осал екенін мойындап отыр. Қолданыстағы заң талабы бойынша, жарнамалаушы тұлға мекеменің қаржы пирамидасына жататынын білу керек.

Ал сол компанияның әрекеті ресми түрде «қаржы пирамидасы» деп танылмайынша, ол мүмкін емес екен.

Мұхтар Қожаев, ҚР ІІМ тергеу департаменті бастығының орынбасары:

- Танымал адамды шақырып жауап алған кезінде ол «ондай компания екенін, тыйым салынғанын білген жоқпыз, ешкім ескерткен жоқ» дейді. Осындайға жол бермеу мақсатында заңға өзгеріс енгізуге ұсыныс жасап жатырмыз.

Алайда осы талап талқылауда жүргеніне бір жарым жылдан асты. Қызып тұрған мәселе құзырлы мекеменің жұмыс тобынан аса алмай жатыр.

Ал "пирамида екенін білмедім, өзім де алдандым" деп жүргендердің бірі – атышулы Mudarabah Capital-дың жарнамашылары. Дегенмен танымал блогерлер жауаптан оңай сытылып кете алмауы мүмкін. Өйткені олар күдіктілер қатарында.

Жарнамаға алданып 20 миллион теңгесін санап берген келіншек дүйсенбі күні Елордада өзін өртеп жіберген болатын. Екі баланың анасы қазір ауыр халде жатыр.

Алаяқтарға алданғандар саны жыл сайын еселеп өсуде. Былтыр 31 мың отандасымыз зар илеп қалған. Олар Astex.kz, ACD technology, Mudarabah Capital сияқты пирамидалар желісіне миллиондап құйған.

Тергеушілер салымшыларды бірден арыз жазуға шақырады. Өйткені адамдар «арыз жазсам, ақшамды қайтара алмай қаламын» деп қорқады екен. Ал жәбірленуші болмайынша, іс бастауға негіз жоқ.       

Мұхтар Қожаев, ҚР ІІМ тергеу департаменті бастығының орынбасары:

- Бізге қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу бастау үшін бізге азаматтардың ең алдымен арызшағымы керек. Немесе лауазымды тұлғалардың өз бетімен анықтап, тиісті баянатпен жүгінуі де қылмыстық іс қозғап тиісті, дер кезінде шара қолдануға негіз бола алады. Әуелі қаржы пирамидасы бар ұйымдарды, компанияларды қаржы мониторинг комитеті анықтап, сосын ол жөнінде құзырлы құқық қорғау органдарына хабарлайды. Соның ішінде прокуратура немесе полиция органдарына хабарлап отырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде