Франция азаматы қар көшкіні астынан өлі табылды – Алматы
Алматыда қар көшкіні астында қалған екі туристің біреуі өлі табылды. Ал екіншісі аман-есен, тек иығын сындырып, жамбасын жарақаттаған. Екеуі де тауға сырғанауға келген Франция азаматтары.
Автор: Салтанат Шырынхан
13.04.2022
- Зардап шекеннің иығы, жамбасы жарақаттанған. Франция азаматтары. Ол жерде 6 адам болған.
Төтеншеліктер берген мәліметте тау бөктеріне бес Франция азаматы мен бір отандасымыз аттаныпты. Көшкін жүргенде төртеуі оңай сытылып шықса, екеуі қар астында қалып қойған. Күні бойы іздестірген құтқару қызметі иісшіл иттердің арқасында марқұмды қар астынан алып шықты. Шұғыл іздестіруге 31 құтқарушы қатысты. Шың басына тікұшақпен жедел жеткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!