{metadescription}
Өртенген 800-дей үй-жайға көк тиын көмек берілмейді – Петропавл
Өртенген 800-дей үй-жайға көк тиын көмек берілмейді – Петропавл

Өртенген 800-дей үй-жайға көк тиын көмек берілмейді – Петропавл

Петропавлда саяжайдағы 800-ге тарта үй-жай күлге айналды. Өрт 10 гектар алқапты жалмаған. Саяжай иелерінің өзі де кінәлі болуы мүмкін дейді мамандар. Өйткені олар қурап тұрған шөпті өртеп бақшасын тазаламақ болған. 

Галина Савченко, саяжай қоғамының есепшісі:

- Бұл жерде тек зейнеткерлер. Міне, телефоныма дамыл жоқ. Минут сайын қоңырау шалып, жылап, жүрегі қысылып жатқандар бар. Қариялар осы үш сотық жерге картоп, сәбіз егіп, өзінен артылғанын базарға шығарып сатады.Зейнетақысы аз, тиынтебен тауып, талғажау етеді. Обал болды.

Төтенше жағдай Заречный шағын ауданы маңындағы саяжайда  болды. Қатты желдің кесірінен өрт бірнеше бау-бақша бірлестігін шарпыған. Оның үстіне үйлердің арасы тым жақын орналасқандықтан өрт сөндіру көліктерінің жүруіне кедергі көп болыпты. Өрт саяжайдағы 800-ге тарта үй-жай мен қора-қопсыны күлге айналдырды. Қала әкімдігі мен саяжай кооперативі иелері бірлесіп шығын көлемін есептеп жатыр. Бірақ жергілікті билік өрттен зардап шеккендерге көк тиын көмек болмайтынын кесіп айтты. 

Асқар Хабибуллин, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

- Қазір әкімдікте түгендеп жатыр. Қаншасы өртенгенін санап шығарады. Саяжай иесіне әкімдіктен көмек бөлінбейді. Өйткені бұл баубақша егуге арналған жер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде