{metadescription}
Алматыда өрттен кейін тұрғын үйдің бар былығы ашылды
Алматыда өрттен кейін тұрғын үйдің бар былығы ашылды

Алматыда өрттен кейін тұрғын үйдің бар былығы ашылды

Өрттен кейін тұрғын үйдің барлық былығы ашылды. Алматы облысында көпқабатты баспананың тұрғындары наразы. Сегіз жылдан бері мекендеген жерінің кемшігін тізді. Айтуларынша құрылыс компаниясы үй әлі күнге дейін пәтер иелері кооперативіне өткізілмеген.

Коммуналық төлемді өздері алып келген, олар ай сайын қалтамызды қағады деп қапалы. Тіпті электр сымының дұрыс орнатылмауынан бірнеше күн бұрын өрт шығып, 6-шы қабат түгелдей жанып кетіпті. Сараптама қорытындысы шықпаған соң, қалыпқа келтіру жұмысымен кім айналысатыны да белгісіз. Ал тентіреп қалған жұрт ас-ауқатын далада дайындауға мәжбүр.

Жиналған жұртшылық осыдан 8 жыл бұрын жаңа үйде қоныс тойын тойлағандар. Тіпті 80 пайызға жуығы пәтерін толық сатып алса, қалғаны ипотекаға рәсімдеген. Содан бері тұрғын үйден түрлі техникалық ақау шыға бастапты. Соңғы оқиға тіптен шарықтау шегі болды дейді қараша. Қызыл жалын жұрт шырт ұйқыға кете бастағанда тұтаныпты. Көрші пәтерден лап берген өрт 6-шы қабатты түгел шарпыпты. 

Аида Жарылқасын, Алматы облысының тұрғыны:

- Біз ойлаймыз, ол тоқтан. Тоқ бұрын да тұйықтала беретін. Қазір “Асыл арманда” 120 мың теңгеге пәтер жалдап тұрмын. Оның өзін әрең алдық. Серік аға, бізді пәтерге қондырыңыз, сонда 50де 50 пайыз дедім. Келіскен. Біз “лі жүрміз. Осы жерде жүрміз ұйықтамаймыз. Бүгін түстен соң көмектесе алмаймын деді.

Өрт Нұрлан Махашевтің пәтерінен шыққан. Бірақ ол соңғы  аптада үйінде болмаған. Оқыс оқиғаны естігенде, дүние-мүлкі күлге айналғанда бір-ақ жетіпті. Алайда баспанасынан еш себепсіз қызыл жалынның тұтануы мүмкін емес дейді. Бұған қоса пәтерін толық өзіне рәсімдеуге қажет жеті миллионның жартысын төлеп қойғанын айтып ашынады.

Нұрлан Махашев, Алматы облысының тұрғыны:

- Егер мен үйде бес күн болмасам, мен түсінем, егер үтікті өшірмей кетсем, электр пешін өшірмей кетсем, ол сол күніақ жанып кетуші еді. Ал мен бес күн үйде болған жоқпын. Пәтердің қай жері екенінен сапарптама нәтижесі әлі шыққан жоқ. Бірақ бұл жерде көрініп тұр, ненің салдарынан болғаны. Бұл электр сымынан. Құрылысшылар салған.

Бұқара баспанасының басқа да былықтарын жайып салды. Айтуларынша, тұрғын үйлерінің пәтер иелері кооперативі мен меншік иелері бірлестігіне не себепті өтпей жүргенін түсіне алмай дал. Сөйтіп үйге жауапты құрылыс компаниясындағылар ай сайын коммуналдық төлем түбіртегіне ойына келген соманы жаза салады дейді. Ал мердігер компания өртке қатысты мәселені сараптама нәтижесінен кейін шешеміз деп отыр.

Серік Жаркенов, құрылыс компаниясының директоры:

- Біз сараптама қорытындысын күтіп отырмыз. Сосын ортақ шешіммен қабылдаймыз. Комтөлем туралы мен оларға айттым. Жарайды қазір 80 пайыз жекеменшіктегілер бар. Бізге құжат берсін. Кім басқарады? Жеке кәсіпкерлік пе? Өздері ұйымдастыра ала ма? Бұл кісілер осы үйдегі тұрғандар барлығы да.   

Осылайша жауаптылар үй қожайындары меншік иелері бірлестігін құрамыз десе, өзіне тапсыруға дайын екенін айтады. Қазір әкімдік те зардап шеккен 5 отбасыға демеушілер есебінен қол ұшын созуға сыңай танытты. Баспанасы жанып кеткен жандар басқа жерден пәтер жалдап кеткен.  Ал осы төтенше оқиғаға байланысты жарық пен газдан ажыратылған үйдің басқа тұрғындары асын далада әзірлеп ішуге мәжбүр.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде