{metadescription}
Үй шаруасындағы қыз-келіншектер қай салада қызмет еткісі келеді?  
Үй шаруасындағы қыз-келіншектер қай салада қызмет еткісі келеді?  

Үй шаруасындағы қыз-келіншектер қай салада қызмет еткісі келеді?  

Үй шаруасындағы қыз-келіншектер қай салада қызмет еткісі келеді?  Алматыда өткен ауқымды жұмыс жәрмеңкесінде осы сұраққа жауап табылды.

Түрлі себеппен үйде отырған әйелдер мен көпбалалы аналарға жұмыс тауып беруге Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы септеспек. Әлеуметтік маңызы бар жобада алдымен әйелдерге тегін курстар өткізіледі.

Алматылық бизнес-вумендер жұмыссыз жүрген 200 келіншекке қол ұшын созуға ниетті. Жәрмеңкеге тіркелгендердің басым бөлігі үй шаруасындағы әйелдер мен көпбалалы аналар. Оларға сұранысқа ие 20 мамандық бойынша дәріс беріледі. Үздіктерін кәсіпкерлер жұмысқа алады.

Әйелдер қауымы әсіресе SMM маманы, таргетолог, маркетолог, сатушы, пішу және тігу, шаштараз ісі, маникюр курстарын таңдаған. Бұл жобаның Алматыдан басталуы бекер емес. Өйткені елдегі жұмыссыздық деңгейі жоғары қала Алматы мен Түркістан облысы.

Раушан Сәрсембаева, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының президенті:

- Наурыз мерекесі мен Ораза айында жұмыс істегісі келетін әйелдер қауымына мол мүмкіндік ұсынғалы отырмыз. Өздері қалаған түрлі мамандық бойынша тегін курстарға қатыса алады. Сөйтіп жұмыс істеуіне жол ашылады. Қауымдастық кез келген үйде отырып қалған келіншекке кедергісіз келешек құруға көмектеседі. Өзіңіз ақша тауып, табыс тапқанның қандай рахат екенін сезінесіз. Бақытты әйел ғана өз отбасын бақытты ете алады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде