{metadescription}
Наразылық: Семейде көше сыпырушылар еңбекақы ала алмай жүр
Наразылық: Семейде көше сыпырушылар еңбекақы ала алмай жүр

Наразылық: Семейде көше сыпырушылар еңбекақы ала алмай жүр

Семейде көше сыпырушылар еңбекақы талап етіп наразылыққа шықты. Таңмен таласа мекеме алдына жиналған шаһардың тазалығына жауаптылар ақпаннан бері ақша көрмедік деп отыр.

Гүлбаршын Мамырбаева, көше сыпырушы:

- Ақшамызды берсін. Біз еңбегімізді ғана сұрап тұрмыз. Басқа ештеңе сұрап тұрған жоқпыз. Халықты жылатпасын! Тіпті тамағына ақша жоқ. Несие ол өсіп жатыр.

Онсыз да мардымсыз айлыққа қарап отырғандар қарызға белшесінен батып, несие төленбей қалған. Бұл аздай, коммуналдық кәсіпорын басшысы жұмысшыларына зейнетақы қоры мен медициналық сақтандыруға да қаржы аударуды тоқтатыпты. Мекеме басшылары бұл төлемнің уақтылы жіберілмегенін мойындап отыр. Ал жалақы ақпан айынан емес, бар-жоғы бір жарым ай ғана төленбей қалды дейді. Өйткені тендер кешеуілдеп, жұмыс көлемі қысқарып қалған. Дегенмен тазалыққа жауапты мекеме қордаланған қарызды жақын арада өтеуге уәде берді. 

Мұратхан Сәкенов, «Зеленстрой Семей» ЖШС директорының орынбасары:

- Төлей алмауға кедергі болудың себебі: қазір қыс пен көктем уақытында қала көшесін күтіпбаптауда жұмыс көлемі азайды. Сондықтан түсіп жатқан қаржы да аз. Біздің мекемеміз үлкен. 200-дей жұмысшы бар. Қара жұмыс істейтіндер және жүргізушілер. Сондықтан қаржы көлемі жеткіліксіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде