{metadescription}
Қайрат Сатыбалды «Қазақтелеком» үлесін даулап қайтара алмайды
Қайрат Сатыбалды «Қазақтелеком» үлесін даулап қайтара алмайды

Қайрат Сатыбалды «Қазақтелеком» үлесін даулап қайтара алмайды

Қайрат Сатыбалды «Қазақтелекомның» мемлекетке қайтарылған үлесін даулап, қайтара алмайды. Миллардтардың осы келісімшартына қатысты әділет министрі пікір білдірді.

Әңгіменің ауаны ұлттық байланыс операторының 28,8 пайыз акциясы туралы. Аптаның басында үкімет бұл үлесті мемлекет меншігіне қайтарған еді. Негізі акция екі жеке компанияның үлесінде болған. Екеуінің де иесі – 51 жастағы кәсіпкер Қайрат Сатыбалды. Бүгінде ол «Қазақтелеком» компаниясының қаражатын аса ірі көлемде жымқырды және лауазым қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен тергеу изоляторында отыр.

Қанат Мусин, ҚР Әділет министрі:

- "Мемлекеттік мүлік туралы" заңға сәйкес, ол сыйға тарту шарттары бойынша сатып алынады. Бұл заңмен қарастырылған нысан. Сыйға тарту шарты бойынша мәміле заңда белгіленген тәртіппен ресімделеді, нотариалды түрде куәландырылады. Барлық талап сақталады. Сондықтан мұндай мәміле ертең дау тудыруы мүмкін және қандай да бір сәтте келісімшарт бұзылады деп айтуға негіз жоқ. Мен де сенімдімін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде