{metadescription}
Сенаторлар: Әлеужелі мен мессенджерді бұғаттамау керек  
Сенаторлар: Әлеужелі мен мессенджерді бұғаттамау керек  

Сенаторлар: Әлеужелі мен мессенджерді бұғаттамау керек  

Сенат "Кибербуллинг туралы" заңды қабылдамай тастады. Қолданыстағы әлеуметтік желілер мен мессенджерлер  жұмысын шектеп, бұғаттамау керек дейді сенаторлар. Сөйтіп заң жобасына төрт түрлі өзгеріс енгізіп Мәжіліске қайта жіберді.

Бейбіт Исаев, Сенат депутаты:

Әлеуметтік желіде, бұқаралық коммуникация құралында жәбірлеу фактілерін, жаңа біз айттық, ол тек министрлердің қызметкерлерімен емес, сарапшы тобы  айқындайды. Оның құрамына лингвистер, психологтар, заңгерлер кіреді. Ең бірінші біз кибербуллинг фактісін анықтаған кезде қателесуге жол бермеуіміз керек.

Сонымен қатар құжатқа «буллинг», яғни баланы жәбірлеу түсінігін енгізу ұсынылды. Бұл шара кәмелетке толмағандар арасында кемсіту, қысым көрсету, зорлық-зомбылықтың алдын алуға көмектеседі. Жаңа заң нормасы писхикалық, физикалық күш көрсетуден қорғайды. Нақты қандай фактілер кибербуллингке жататынын арнайы құрылған сарапшылар тобы анықтауға тиіс.

Депутаттар әлеуметтік желіде азаматтың құқы тапталған материал 24 сағатта өшірілуін де талап етіп отыр. Бұнымен әлеуметтік желі өкілдері айналысуға тиіс. Әзірге ондай келісім TikTok, Facebook және Instagram-мен ғана бар екен. Бірақ олардың Қазақстанда кеңсе ашып отыруы міндетті емес. Жаңа заң жобасы жаңа оқу жылына дейін қолданысқа енгізілуі мүмкін.

Данияр Қадыров, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:

Заң күшіне енген соң, алты айға дейін уақыт беріледі. Егер Қазақстан заңын бұзбаса, бірдебір әлеуметтік желі бұғатталмайды. Бұл тек осы заң жобасымен ғана реттелмейді. Бұқаралық ақпарат құралдары, «Байланыс туралы» заңдарды қоса қарастыру керек. Кез келген желіні  жабу туралы ештеңе айтылып отырған жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде