{metadescription}
Қарағанды: Баланың арыққа кетіп өлуіне байланысты іс қозғалды
Қарағанды: Баланың арыққа кетіп өлуіне байланысты іс қозғалды

Қарағанды: Баланың арыққа кетіп өлуіне байланысты іс қозғалды

Қарағандыда 9 жастағы баланың арыққа кетіп өлуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Алғашында бұл оқиға оқыс жағдай ретінде тіркелген.

Тоғыз жастағы Данила Мишаткинді жер қойнына берген әкесі әлі есін жия алмай жүр. Айтуынша, баланың өліміне әкімдіктің немқұрайлығы себеп. Көзден таса жатқан Сұрыптау станциясы тоқыраулы 90-жылдарда қалып қойған дейді. Жолы шұрық-шұрық, не ойын алаңы жоқ, қоқысқа толған арықтары арнасынан асып жатыр. «Ұлым сол себепті ұрынды», - дейді қара жамылған әке.

3-сәуірде Данила достарымен арыққа қағаз кеме жіберіп ойнаған. Ақыры аяғы тайып арыққа құлапты. Марқұмның денесін құтқарушылар 200 метр жерден тапты. Полиция алғашында істі қайғылы жағдай ретінде тіркеген. Енді қылмыстық іс қозғалып, суағарлар мен күл-қоқысқа жауаптылар тергеліп жатыр.

Николай Мишаткин. Даниланың әкесі:

Біздің аудан нағыз балшыққа батқан қоқыстың ордасы. Сұрыптау станциясы Қарағандыға қарайды деген аты ғана. Бізді әкімдік ұмытқан. Айналымыз күлқоқыс. Балалардың ойнайтын жері жоқ. Арықтардың шеті қоршалмаған, қоқысқа бітеліп жатыр. Менің балам сол қоқысқа батып өлді. Жауаптылар жазасын алсын. Біздің тұратын жерге билік назар аударсын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде