{metadescription}
Елордада көшесінде экс-әйелін сабаған еркек ұсталды
Елордада көшесінде экс-әйелін сабаған еркек ұсталды

Елордада көшесінде экс-әйелін сабаған еркек ұсталды

Елордада көшенің қақ ортасында бұрынғы әйелін сабап жұрттың жағасын ұстатқан азамат қолға түсті. Күдіктіні тауып кісен салуға тәртіп сақшыларына бір күндей уақыт керек болған. Орталық көшеде  экс-жұбайын жұдырықтаған азаматтың видеосы әлеужеліде тараған.

Жәбірленушінің қазіргі хәлі қалай, бұрынғы күйеуі одан не талап етіп жүр? Күдіктінің кінәсі расталса, жазасы қандай болмақ?

Желіге әп-сәтте тарап көптің талқысына түскен оқиға болған жер. Таңғы сағат сегіз шамасында қаннен-қаперсіз анасымен жұмысқа бара жатқан әйелді бұрынғы күйеуі күтіп тұрып тарпа бас салған. Әй-шайға қарамастан соққының астына алған. Бейнебақылау камерасының жазбасынан байқағандай, мұндай тосын әрекеттен қызы ғана емес, анасы да есеңгіріп қалғандай.

Болған оқиға сол маңдағы бақылау камерасына түсіп қалған. Жазбаны желіге жәбірленушінің сіңлісі таратыпты. Соққыдан 26 жастағы Жібектің көзі ісіп, беті бірнеше жерден жараланған. Жібектің бұрынғы күйеуімен бірге тұрмағанына он айдан асыпты. Ал ресми түрде бірнеше күн бұрын ғана ажырасқан екен.

Жібек, жәбірленуші:

- Қазір одан қорқамын. Өйткені үнемі артымнан аңдиды. Түрлі нөмірмен қоңырау шалып, фейк парақшалардан жазып қоқаңлоққы көрсетеді. Қазір тіпті сіңлім, анам да үйден шығуға қорқады. Жұмыс орныма келіп те шу шығарды. Маған тағатын айыбы, «баламды көрсетпейсің» дейді. Бірақ мен ұлымның әкесімен кездесуіне ешқашан қарсы болған емеспін. Тек бір рет маған ескертпестен басқа қалаға алып кеткені бар.

Бұрынғы күйеуім "сезімін осылайша білдіретін" дейді Жібек. Экс-жолдасымен жолының екіге бөлінуіне де оның мінезі себеп болған. 102 нөміріне жиі қоңырау шала берген соң, құқық қорғаушылардан «неге бізді шақыра бересіңдер» деген  жауап та алыпты.

Жібек, жәбірленуші:

- Біз бірге тұрғанда да ол маған қол көтеретін. Мен оны ешкімге айтпадым. Тек, атаанам біліп қойған кезде ғана барып бар шындықты айттым. Енді мен оның лайықты жазасын алғанын қалаймын. Неге полиция қызметкерлері оны босатып жіберетінін түсінбеймін. Егер маған бірдеңе болса, сіздердің мойындарыңызда деп айттым.

Осылайша бұрын-соңды жеңіл-желпі ескертумен құтылып кетіп жүрген азамат бүгін полиция қызметкелерінің қолына түсті. Қазір оған қатысты барлық арыз тексеріліп жатыр. Полицейлер оның бұған дейін ауызша ескертумен құтылу себебін «некеде болып, бірге тұрған азаматтардың арасындағы кикілжің тұрмыстық жанжал деп қарастырылады» дейді.

Гүлмира Шырахметова, Нұр-Сұлтан қаласы ПД аға инспекторы:

- Ең бірінші, жәбірленуші полиция басқармасына хабарласқанда 4наурыз күні, сосын 28-наурызда хабарласқан. Агрессорға бұл екі фактімен  де қорғау нұсқамасы қойылған. Қазір сол қорғау нұсқамасы әрекет етіп тұрған кезде талапты бұзғаны үшін агрессорды жауапқа  тартамыз. ҚР ӘҚБ  заңының 461бабымен материал сотқа жіберіледі.

Ал кешегі іс-әрекетке қатысты жәбірленушіге сот-медициналық сараптаама тағайындалыпты. Жазаның жеңіл, ауырлығы соған қарай анықталады. Нақты айғақ, дәлел жиналған соң іс сотқа жіберіледі. Айыбы расталса, "жұдырығы жуан" күйеу ҚК 107-бабына сәйкес екі жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде