{metadescription}
Ерболат Досаев: Мен жерсіз жұмыс істеп жатқан бірінші әкіммін
Ерболат Досаев: Мен жерсіз жұмыс істеп жатқан бірінші әкіммін

Ерболат Досаев: Мен жерсіз жұмыс істеп жатқан бірінші әкіммін

«Қала меншігінде тұрғындарға үлестіретін жер жоқ». Алматы әкімі Ерболат Досаев қызметіне кіріскелі алғаш рет халыққа есеп берді. Сегіз ауданның жұртымен жеке-жеке кездесуді ұйғарған шаһар басшысы қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыта алмай тығырыққа тірелгенін айтады. Өйткені жер учаскілерінің барлығы жекенің қолында.

Ерболат Досаев, Алматы қаласының әкімі:

- Демалу орындары мен қоғамдық кеңістіктерді салу және кеңейту үшін бос жер учаскілері жоқ деп айтуға мәжбүрмін. Осы жағдайды ескере отырып, бұл проблемаларды тек құрылыс салу немесе кеңейту немесе жер учаскілері мен ғимараттарын жекеменшік иелерінен сатып алу арқылы шешетін боламыз. Жерсіз жұмыс істеп жатқан мен бірінші әкіммін.

Алып шаһарда адам саны жылдан жылға көбейіп келеді. Халық тығыз қоныстанған аудандарда тұрғын үй құрылысы да қыз-қыз қайнаған. Қызметіне кіріскелі екі айдан асқан әкім ең алдымен бір-біріне жақын, биік үйлерді тұрғызатындармен шындап күреспек. Өйткені шаһарда мектеп, емхана мен мемлекеттік балабақша тапшы. Мектепке дейінгі мекемеге орналасу үшін ата-аналар кезекте жылдап тұрады. Сондықтан оқу орындары мен әлеуметтік нысандарды салу үшін Ерболат Досаев жекеменшік жер телімін қымбат бағаға сатып алуға тура келеді деп отыр.

Ерболат Досаев, Алматы қаласының әкімі:

- Әкімдік қазір 1320 орындық мектептерге бес қосымша құрылыс салып жатыр. Осы жылдың соңына дейін 1020 орындық төрт мектеп пайдалануға беріледі. Номері 65 мектепке 300 орындық бір кеңейтілім 2023 жылдың үшінші тоқсанында беріледі. Әзірге оқу орнының тапшылығы сақталады. Бірақ бұл мәселені әзірленіп отырған 2022-2024 жылдарғы Алматы қаласының дамыту жоспары арқылы шешуге күш саламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде