{metadescription}
Қарағандыда роупджампинг иснтрукторына қатысты сот басталды
Қарағандыда роупджампинг иснтрукторына қатысты сот басталды

Қарағандыда роупджампинг иснтрукторына қатысты сот басталды

Қарағандыда 33 жастағы келіншектің өліміне күдікті – роупджампинг иснтрукторына қатысты сот басталды. Ол марқұмды 30 метрлік биіктіктен тастағанда қауіпсіздік ережесін сақтамай, темір арқан босап кетіп, келіншек бетонға құлап мерт болған.

Әсел Амантаева, прокурор:

Басында арнайы каска киілмеген. Ғимараттың үсті мен астында тұрған инструктордың арасында радиобайланыс болмаған. Жерде тұрған инструктор секірген адамды ұстап тұратын арқанды бағанаға бекітеді. Ол оны бекітіп үлгермеген. Ал ғимарат үстіндегі инструктор жердегісінен хабар алмай жатып марқұмды секіртіп жебірген. 

32 жастағы нұсқаушы адам өліміне әкелген жұмыс және қызмет көрсету бабымен айтыпталып жатыр. Сегіз жылға сотталуы мүмкін. Алайда Александр Музникас кінәсін мойындаған жоқ. Айтуынша, ол аталған компанияда ресми қызметкер ретінде тіркелмеген. Ал 33 жастағы Евгения роуджампингте үшінші рет секіргенде ажал құшты. Секіруге сертификатты  оның бұл ермегін білетін құрбысы туған күніне сыйлапты. Бірақ дәл секірер алдында секем алып, ойынан айныған да көрінеді. Бірақ оны инструктор қайта көндірген. Төменге құлдилаған ол алдымен асфальтке түсіп, одан кейін темір бағанаға соғылды. Денесінің сау тамтығы қалмаған келіншекті ауруханаға жеткізгенімен, ажалдан алып қала алмады.  

Александр Ткаченко, марқұмның күйеуі:

Бұған инструктормен қоса осы мекеменің директоры да кінәлі. 100 пайыз. Бірақ оны таба алмай жатыр. Халықаралық іздеуде деп естідім. Оған да көп сұрақтар бар.  Әйелім биіктен секіргенді жақсы көріп қалған. Өзінің қалауы болған соң бетін қақпадым. Алдымен менімен бірге секіріп жүрген. Кейін жеке өзі секіріп, кәдімгідей ләззат алатын.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде