{metadescription}
Қазақстан СБЕР компаниясымен жасасқан мәміледен бас тартты
Қазақстан СБЕР компаниясымен жасасқан мәміледен бас тартты

Қазақстан СБЕР компаниясымен жасасқан мәміледен бас тартты

Қазақстан ресейлік СБЕР компаниясымен жасасқан мәміледен бас тартты. Отандық электронды платформаны өз ІТ компаниялар әзірлемек. Бұл туралы цифрлық даму министрлігі мәлімдеді.

Қазақстанның жаңа цифрлық платформасын СБЕР компаниясы құрады дегенде отандық IT компаниялар да, қоғам белсенділері де сын айтып наразылық білдірген. Халық жеке мәлімет пен мен барлық мемлекеттік базадағы дерек ресейліктер қолына өтеді, елімізге қауіп төнеді деп алаңдады. Бұл тақырыпта Сараптамалық кеңестің отырысы өткізілгенімен, жобаны цифрлық даму министрлігі бәрібір шетелдіктермен жасайтын болып уағдаласқан. Үкімет былтыр қыркүйекте СБЕР компаниялар тобының басшылығымен 500 миллион доллар болатын меморандумға да қол қойды. Енді бүгін министрлік ойынан айныған. Цифрлық жобаны өз ІТ компаниялар әзірлейтін болды, тек неі-үш жыл уақыт керек.

Асқар Жамбакин, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі:

- Қазір геосаяси жағдайға және де басқа да тәжірибелерге қарап, «ҰАТ» деген институтпен бірге соның күшімен жасаймыз. Сонда платформа қазақстандық IT компаниялардың өз күшімен жасалынады. Қазір техникалық және экономикалық сараптама жасалып жатыр. Отандық жүйеге екіүш жылда көшеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде