{metadescription}
Дегбірі қашқан Балқаш өңірі бүгін сабасына түсті
Дегбірі қашқан Балқаш өңірі бүгін сабасына түсті

Дегбірі қашқан Балқаш өңірі бүгін сабасына түсті

Еліміздегі ең үлкен саналып келген Қарағанды облысы екіге бөлінді. Жер аумағының жартысына жуығы енді Ұлытау облысына қарайды. Ал адам саны жағынан жаңа облыс қалыс қалды. Ұлытауға 227 мың тұрғын ауыстырылса, Қарағанды облысында 1 миллионнан аса халық қалды.

Өйткені жұрттың өтініші ескеріліп, Балқаш пен Приозерск қалалары жаңа облысқа өткізілген жоқ.

«Облыс бөлінеді» дегеннен-ақ дегбірі қашқан Балқаш өңірі бүгін сабасына түсті. Олар бөліс Кеңестер кезіндегі картамен жасалса, Жезқазғанға қалай жетеміз деп шулаған.

Сонымен қатар Қарағанды облысында 7 аудан мен Приозерск, Саран, Теміртау, Абай және Шахтинск қалалары қалды. Ал Ұлытау мен Жаңарқа аудандары, Жәйрем кенті, Қаражал, Сәтбаев қалары жаңа облыстың құрамына өтті. Жезқаған қаласы Ұлытау облысының орталығы. Облыстарды бөлудегі экономикалық есеп-қисап Қарағанды мемлекеттік универистетінде сараптамадан өткен. Облыстық мәслихат депуттары қорытындыны бірауыздан қолдады. Ал жаңа облыстағы адам санының аздығы оған бөлінетін қаражатқа әсер етпейді дейді мамандар.

Жеңіс Қасымбек, Қарағанды облысының әкімі:

Тек халық санына байланысты емес, жаңа құрылған үш облыс үлкен қолдау табады. Президентің тікелей тапсырмасы бар. Шешім халыққа жақсы болсын, ыңғайлы болсын деп қабылданып отыр. Ертең түрлі сын, пікір айтылады. Одан да өтуіміз керек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

02 қаңтар

01 қаңтар

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде