Павлодарда мектеп өртеніп, бес оқушы ...
Павлодарда мектеп өртенді. Тілсіз жау білім ошағындағы кітап жинаулы тұрған қоймада тұтанған. Ғимарат ішін алып кеткен қою көк түтіннен бес оқушыға иіс тиіп, оларға жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болды.
Автор: Жаңалық Ахаш
15.04.2022
Оқиға оқушылар сабақта отырғанда болған. Үшінші қабаттағы кітапхана қоры бөлмесінен шыққан бықсыған түтіннен іште ештеңе көрінбей қалған. Мұғалімдер мектептегі 400-ден аса баланы дереу далаға шығарды. Түтінге қақалып-жөтелген, дем ала алмаған бес оқушыны жедел жәрдем алып кетті. Ауруханада кезекші дәрігердің бақылауынан соң үйіне қайтарылды. Өрттің нақты неден тұтанғанын ешкім айта алмай отыр. Былтыр ғана мектептке жөндеу жүргізіліп, қазынадан 600 миллион теңге бөлінген.
Жасұлан Жұмашев, Павлодар облысы ТЖД бастығы:
- Бес оқушы қыз жедел жәрдеммен балалар ауруханасына жеткізілді. Медициналық бақылаудан соң атаанасының қолына тапсырылды. Облыста білім беру мекемелері көбіне өртке қарсы тексеруден өту үшін жеке компаниялардың көмегіне жүгінеді. Солардың жөнді тексермеуінің кесірінен осындай оқыс оқиға болып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!