{metadescription}
Алматы іргесіндегі Көксайда қырат қазылып, сатылып жатыр
Алматы іргесіндегі Көксайда қырат қазылып, сатылып жатыр

Алматы іргесіндегі Көксайда қырат қазылып, сатылып жатыр

«Әкімдік үйіміз үйінді астында қалғанын күтіп отыр ма?» Алматы іргесіндегі Көксай ауылының тұрғындары осылай шу шығарды. Айтуларынша, жергілікті әкімдік ауыл шетіндегі қыратты әлдекімге сатқан. Енді қожайыны ол жерді қазып, топырағын сатып жатыр.

Ал қасындағы үйлерге «қауіп төніп тұр» деп адамдар шырылдағанмен, атқамінерлер еш шара қолданбаған.

- Әне, қашып бара жатыр, бәрі қашып бара жатыр!

Жарықтан жапа-тармағай қашқан тарақандай тракторлар тырбаңдап жүре жөнелді. Камераны көріп сасқан,  «тракторға қуып жетіп, қайтарамын» деген жүк көлігінің жүргізуішісі де кетуге асықты.

«Кешікпей келемін» дегенмен, сол кеткеннен молынан кетті. Көксай ауылының шетіндегі жап-жасыл қырат айналдырған бір айға жетпей осындай күйге түсті. «Жерді жекешелендіріп алғандар ойына келгенін істеп жатыр», -дейді тұрғындар.

Мырзағали Қайшыбеков, Көксай ауылының тұрғыны:

- Мына жерде картада бәрінде 20 метр жол. Бұрынғы шаруашылықтың кезінен бастап. Сол жолды жекеменшікке Али Паша дегенге сатып жіберген. Енді мына жақтың бәрін, мына жолдың бәрін бүлдіріп жатыр. Иесі жолды мүлде жауып тастаймыз деп әңгіме қозғап жатыр. Сол үшін ең басты мәселе: неге сатылмайтын жолды сатып жіберген?

Қолдан жасалған карьерден келер қатер көп. Шетінен опырылып түсіп жатыр. Техникалық талап, қоршау деген атымен жоқ. Жел тұрса, құмды дауыл көтеріледі. Айналасындағы тұрғындар баласын далаға жіберуге қорқатын болған.

Садықбек Тұрсыматов, Көксай ауылының тұрғыны:

- Осындай биік жер болатын. Міне, тегістеп, мына жақтан бастап қазып келе жатыр. Былтырдан бастап қазып жатыр. Мен көшіп келдім. Дәл қазір, өздеріңіз көріп отырсыздар, ар жағы – жол, үйлер бар. Міне, құлап жатыр, көз алдыңда. Балашаға, мал өтеді, ал үстіне құласа, оған кім жауап береді?

Күніне 30-40 көлік топырақ тиеледі екен. Бір қызығы, оны сатып жатқан басқа адам болса, жерді тегістеуге көрші тұрған кірпіш зауыты жауапты екен. Мәселенің мән-жайын білмекке тұрғындар ұмтылғанмен, Қайрат есімді қожайыны адамды қаға жаздап, джип көлігімен тыңдамай кете барды.

- Қолым бос емес, керек пе, адам сол жақта, келу керек еді.

- Ей, ей, қағасың ба?

- Қалай қағасың ба?

- Қайда кетіп бара жатырсың?

Шағымды қанша айтқанмен, шенеуніктер ат ізін салмады деген көксайлықтар әкімдікке өзі барды. «Мәселеден хабардармыз» дегенмен, атқамінерлер жердің кімге тиесілі екенін айта алмады. Тек енді ғана құжат көтеріп жатырмыз деп, жауаптан сытылғысы келді.

Өміржан Әбсаматов, Іргелі ауылы округі әкімінің орынбасары:

- Бұл мәселе жақында ғана көтеріліп отыр. Бірақ ол жер карьер емес. Әлі құжатын көтерген жоқпыз, енді қарап жатырмыз. Негізі біреудің жекеменшік жері деп тұр. Нақты көтергеннен кейін біз ол жердің мақсатты бағытын қараймыз.

- Сіздер көтеріп біткенше қазып бітеді ғой?

- Жоқ, қазып біткенде ... енді басталды.

Әкімдік әзірге «дабыл қағатындай себеп жоқ» деп жайбарақат отыр. «Осы аптаның аяғына дейін комиссия құрылып, жағдайдың жай-жапсарын анықтаймыз» деп, тұрғындарды үйіне тарқатты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде