{metadescription}
0:000:00
Ақылы паркинг жеке кәсіпкерлердің май-шелпегіне айналған

Ақылы паркинг жеке кәсіпкерлердің май-шелпегіне айналған

Алматыдағы ақылы автотұрақтарды басқаратын компанияның директоры Марат Пірінбеков қамауға алынды. Тергеу аяқталғанша ол екі ай абақтыда отырады. Бұған дейін аталмыш тұраққа техникалық қызмет көрткен оператор «Алан Паркинг» басшысы Мұхтар Базарбаевтың да қолына кісен салынған.

Лауазымды тұлғаларға аса ірі көлемде қазына қаржысын жымқырды деген айып тағылған. Жүргізушілерден түскен миллардтаған табыстан қала қазынасы қағылған деген де дерек бар. Оны қазір тергеушілер анықтап жатыр. Ақылы паркинг қалайша жекелеген кәсіпкерлердің май шелпегіне айналды?

Алматыда алты жылдан бері жол бойындағы ақылы көлік тұрағынан заңсыз пайда тапқан лауазымды тұлғалар бірінен кейін бірі ұсталып жатыр. Бүгін ақылы автотұрақ қызметін басқаратын "Алматы спецтехпаркинг сервис" директоры Марат Пірінбеков екі айға қамауға алынды. Өткен аптада осы серіктестікке қарайтын AlanParking компаниясының басшысы Мұхтар Базарбаевтың қолына кісен салынған. Оларға аса ірі көлемде қазына қаржысын жымқырды деген айып тағылып отыр.   

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз хатшысы:

- «Алматы паркинг» жобасының жауапты тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Алматы қаласы тергеу соты ЖШС басшысына қатысты екі ай мерзімге қамап, бұлтартпау шарасына санкция берді. ҚК 201бабына сәйкес өзге мәлімет тергеу мүддесіне қатысты жария етілмейді. 

Қалада автомат тұрақ жүйесі 2016 жылы енгізілді. Сол уақытта қала әкімдігі паркоматтан түскен теңгенің 30 пайызы қала бюджетіне құйылатынын мәлімдеген. Енді сол қаржының түскен-түспегенін тергеушілер анықтайды. Ақпараттарға сүйенсек, былтыр әкімдіктің осы үлесін кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі компания сатып алып, Алматыдағы ақылы автотұрақ толығымен жекенің қолына өтіпті. Белгілі бизнесмен қазір басқа іспен қамау отыр. Ал басшылары тергеу абақтысында отырғанымен, A-Parking әлі жұмыс істеп тұр. Қаланың қымбат ауданында орналасқан компанияның кеңсесіне бардық. Бірақ бізбен тілдесетін тірі жан табылмады.

Қалада 11 мың ақылы көлік қоятын орын бар. Бейнебақылау камерасы орнатылған автотұраққа көлігіңізді бір сағатқа қалдыру құны - 100 теңге. Абономент карта сатып алуға да болады. Аталған жоба түрлі-түсті кеудеше киіп алып, көрінген жерде заңсыз ақы жинап жүретіндерден құтылу үшін қолға алынған. Алайда бұл «пысықайлар» кешкі жетіден кейін A-Parking тұрағына келіп, жүргізушілерге тиын-тебенге орын тауып беруін тоқтатпаған. Сарапшылар ақылы тұрақ толық қала иелігіне өтіп, жүргізушілерден жиналатын қаражат инфрақұрылым дамытуға жұмсалуы тиіс дейді.

Эдуард Эдоков, Қазақстан тәуелсіз автомобилистер одағының төрағасы:

- Бұл компания әу бастан ашық болмады. Қоғам белсенділердің көптеген сұрағы сол күйі жауапсыз қалды. Компанияның кіріс-шығысына қатысты мағлұмат ала алмадық. Үлкен табыс әкелетін бұл бизнестен белгілі кәсіпкердің қалтасы ғана қампайды. Жылына шамамен 800 миллион кіріс әкелді. Қала қазынасына 30 пайызы аударылды ма, ол да белгісіз. Автотұрақтың жекенің қолында болуына мен қарсымын.   

«Апаркинг» ақылы көлік тұрағына қатысты істе әлі талай былықтың беті ашылуы мүмкін. Қазір құзырлы орган компанияның кіріс-шығысын тексеріп жатыр. Ұзақ жыл бойы автотұрақтан миллиардтаған табыс тапқан бизнесмендер осылайша «май-шелпектен» айырылғалы тұр. Олардың нақты қанша қаражатты қалтасына басқаны, қандай шенеуніктерге ауызбастырық бергені әзірге белгісіз. Паркоматқа күн сайын төленетін есепсіз ақшаның қазір қайда түсіп жатқаны да беймәлім.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде