Қай өңірде азық-түлік қатты қымбаттаған?
Елімізде азық-түлік бағасы шамамен 16 пайызға қымбаттаған. Бүгін Ұлттық банк наурыз айындағы деректі жариялады. Ақтөбеліктер ішіп-жейтін асына көп қаржы жұмсайды екен. Ақтөбе облысы басқа өңірлер арасында да инфляция көрсеткішінде көш бастап тұр.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
18.04.2022
Нақты статистикаға келсек, өткен айда елімізде азық-түлік бағасы 15,4 пайызға қымбаттаған. Қаржы нарығын реттеуші органның дерегінше, ақпан айында көрсеткіш 10 пайыз ғана болған. Мұны әсіресе ақтөбеліктер сезіп жүрсе керек. Аймақта азық-түлік 18,5 пайызға қымбаттапты.
Қазақстандықтар киім-кешек, аяқ киім, дәрі-дәрмекке де тапқан-таянғанын беріп жүр. Алайда тамақ құнына қарағанда оның бағасының өсуі баяу. Ақпан айында ақылы қызмет 7,1 болса, наурызда 8,3 пайыз. Ұлттық банк теңгенің әлсіреуі тауар бағаның өсуіне әсер етті деп пайымдайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!