"Каспиан Дриллинг": Маңғыстаулық мұнайшылар жалақы көтеруді талап етуде
Ақша сұрап Атырауға келді. Жалақысын өсіруді талап еткен бір топ маңғыстаулық мұнайшылар жұмысын тоқтатып, "Каспиан Дриллинг" компаниясының Атыраудағы бас кеңсесін күзетіп жүр.
Автор: Жанат Молдашева
18.04.2022
Өтеміс Біләл, бұрғылаушы:
- Маңғыстау облысы шеңберінде бұған өзімізге қажет жауап ала алмадық. Себебі: жекеменшікке қол сұға алмаймыз дейді. Бұл өрескел за бұзушылық. Өйткені жердің иесі халық және бізге тиіс еңбекақымызды, денсаулыққа келтірген зиянға көк тиын төлеген жоқ. Жұмысшылардың орташа айлығы 150 мың теңге – масқара!
Бұл мұнайшылардың жүгі жеңіл емес. Күн сайын салмағы 20-30 келі құрал-сайман арқалап жүріп, айлығы 150 мың теңге шамасында. Тіпті мұнай-кен орнында денсаулыққа келтірген зияны үшін өтемақы түгілі, ауырған күніне де ақы төленбейді екен. Осыған ашынған мұнайшылар жалақыны 100 пайызға көтеруді талап етуде. Алайда компания басшылары жұмысшылардың бұл өтінішін орындай алмайтынын ашып айтты. Айтуларынша, осы наразылық салдарынан кен орынында 1-сәуірден бері жұмыс тоқтап қалған. Ал бұл компанияның табысы мен болашағына кері әсерін тигізіпті. «Сондықтан шерулетіп жүрген жұмысшыларды сотқа бердік» - дейді компания өкілдері.
Альберт Құбаш, «Каспиан Дриллинг» компаниясы бас директорының орынбасары:
- Болашақтағы жұмысымыз белгісіз. Ереуілден жұмыс біршама тоқтап қалды. Сол себепті бізге жұмыс беруші хат жолдады. Егер жұмыс басталмаса, келісімшартты бұзамыз деді. Сонда біз мүлде жұмыссыз қаламыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!