{metadescription}
0:000:00
Кім пәтерақысының жартысын мемлекетке төлетуге құқылы?

Кім пәтерақысының жартысын мемлекетке төлетуге құқылы?

Кім пәтерақысының жартысын мемлекетке төлетуге құқылы? Бүгін жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға өтініш қабылдау басталды. Әзірге «Отбасы банк» 17 мың адамға хабарлама жіберген. СМС шақырту алғандар осы айда онлайн режимде өтініш тапсырып, банктің мақұлдауын күтеді.

Ол үшін бөлімшеге барып кезекте тұрудың қажеті жоқ. Otbasybank.kz порталының «Жалға алу ақысын субсидиялау» бөлімінде операция жүзеге асады. Бүгінше жоба пилотты режимде іске қосылды. Ал сәуірдің 27-нен бастап барлық қазақстандықтар осы платформада өтінім бере алады. Бірақ бәрі емес. Осы бағдарламаның шарапатын бірінші кезекте 4-ші санаттағы әлеуметтік осал топ көреді:

  • бірінші және екінші топтағы мүгедектер; мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • жетім және атаанасының қамқорынан айырылған балалар мен көпбалалы отбасылар.

Басты шарт - өтінім берушінің атында үй болмауы тиіс. Сондай ақ үміткредің соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төмеңгі күнкөріс деңгейінен аспауы қажет – 36 мың теңгеден. Бағдарламаны қаржыландыру әзірге үш жылға жоспарланған. Ал өтініші  мақұлданған азаматтардың келісімшартқа отыруы маусымнан басталы.

Мұхтар Әзімбеков, «Отбасы банк» АҚ төрағасының орынбасары:

- Осы жылға бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 40 миллиард бөлінді. Сондайақ 10 млрд. теңгені жергілікті әкімдік бөледі. Жалпы 70 мың қазақстандық осы жоба арқылы субсидялауға қол жеткізеді деген жоспар бар. Негізінен өтінімді мақұлдау көп уақыт алмайды. Бәрі онлайн қаралады. Әр қаладағы жалға алу бағасына байланысты шектеу қойылады. Сондайақ пәтерді жалға берушілер жіті тексеріледі. Тұрғындар кезексіз өтінім беру үшін бәрін онлайн режимге аудардық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.