Ауада ластаушы заттар нормадан асып кеткен – Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтанды қою түтін басты. Себебі: ауадағы ластаушы заттардың мөлшері шекті нормадан асып кеткен.
Автор: Елдос Есенбол
18.04.2022
Қазгидромет атмосфераның жағдайын бақылау үшін 10 стационарлық бекетте бақылау жүргізіп жатыр. Оның алтауы автоматты түрде жүзеге асырылса, қалғаны қолмен сынама алу әдісімен жасалады.
Ауадағы күкіртсутегі, азоттың оксиді мен диоксид мөлшері шамадан тыс көбейіп кеткен деген болжам бюар. Сондай-ақ түтіннің пайда болуына әсер еткен тағы бір жағдай болуы мүмкін. NASA картасында 16-17 сәуірде Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында өрт ошағы байқалған. Елорда аспанын жапқан қалың тұманға бұның да қатысы бар деп топшылайды мамандар. Алдағы күндері елдің бас қаласында ауа райы тұрақсыз болады дейді Қазгидромет өкілдері.
Алина Ысмағұлова, "Қазгидромет"РМК баспасөз хатшысы:
- Болжам: алдағы күндері тұрақсыз ауа райы сақталады,жауыншашын басым болады. 18, 20, 21 сәуірде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Түнде ауа температурасы 7 градусқа дейін біртіндеп жоғарылауы, күндіз 15-17 градустан 10- 12 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!