КҚЖ апатынан 100-150 миллиард жоғалтуымыз мүмкін
Каспий құбыр желісі консорциумындағы апаттан Қазақстан 100-150 млрд теңге жоғалтуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкіметте премьер-министрдің орынбасары-қаржы министрі мәлімдеді. Ерұлан Жамаубаевтың сөзінше, дәл қазір шығынды дөп басып айту мүмкін емес.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
19.04.2022
Бәрі жөндеу жұмысы қанша уақытта жүргізілетініне және санкция шараларына байланысты.
Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрі:
- Қазіргі кезеңде нақты санды екшім айта алмайды. Өйткені бәрі келген ақаудың қанша уақытта жойылатынына, санкциялар әрі қарай жалғаса ма, соған байланысты. Ал жалпы шығын 100-150 миллиард теңге шегінде бағаланып отыр. Егер ақау тезірек жөнделсе, шығын да аз болады. 100-150 млрд теңге шегі дегенде, Каспий құбыр желісі консорциумы туралы ғана айтып тұрмын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары