Ресейдегі санкциялар отандық экономикаға әсер етіп жатыр
Ұлттық банк санкция кесірінен құлдырап жатқан рубльден теңгені қалай қорғайтынын айтып берді. Қолда бар шараларын жалғастыруды көздеп отырған оларға депутаттар ашулы. Айтуларынша, соңғы уақытта ұлттық валютаның күрт әлсіреуі инфляцияны өсіріп, халықтың тұрмысын нашарлатып жіберген.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
20.04.2022
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше Қазақстанға тауарлардың 42 пайызы Ресейден келеді. Алайда көрші елге салынып жатқан санкциялар отандық экономикаға әсер етіп жатыр. Мәжілісмендер бұған алаңдаулы. Олар мұның салдарын жұмсарту мақсатында Ұлттық банктің не істеп жатқанын білгісі келген. Бұл ретте өзгеріс шамалы. Қаржы нарығын реттеуші орган әлі де еркін құбылмалы айырбас бағамы саясатын жалғастырады. Теңге тым құлдырайтын болса, валюталық интервенциялар жасалмақ.
Айтып өтейік, тек наурыз айында ғана төл теңгенің бағамын ұстап тұруға миллиард долларға жуық қаражат жұмсалған
Виталий Тутушкин, ҚР Ұлттық банкі төраға орынбасары:
- Ағымдағы шаралардың ішінде Ұлттық банк еркін құбылмалы айырбас бағамы саясатын жалғастырады. Өйткені, біздің ойымызша, бұл ең тиімді жол. Қажет болса валюталық интервенция жасаймыз. Біздің валюта нарығына қатысуымыз нарықтық қағидаттарға негізделетін болады. Интервенциялардың қашан және не үшін жасалғаны туралы айтатын боламыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!