Рубль ЕАЭО ішінде есеп айырысу валютасы ретінде енгізілмек
Ресей рублі Еуразиялық экономикалық одақ ішінде есеп айырысу валютасы ретінде енгізілмек. Бірақ бұл сауда-саттық түгел Ресей ақшасы арқылы жүреді деген емес. Сауда және интеграция министрлігі жаңаша өзгерісті былай түсіндірді.
Автор: Елдос Есенбол
20.04.2022
Ресей валютасы кедендік баж төлемінен түскен қаржыны бөлу үшін ғана пайдаланылады. Бұл Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкелінетін импорттық тауарларға салынатын салық. Рубльмен қайта есептеу тек Ресеймен және Беларусьпен жүргізілмек. Өйткені бұл мемлекеттер санкция салдарынан АҚШ долларымен есеп айырылыса алмайды. Бұл ретте Армения және Қырғызстанмен арадағы сауда-саттықта америкалық валютада қала бермек.
Темірлан Жантасов, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің департамент директоры:
- Біз бүгінгі таңда рубль аймағы туралы әңгіме қозғауға ниетті емеспіз. Екі елдің шаруашылық субъектілері арасындағы сауда операцияларының шамамен 70 пайызы Ресей рублін пайдалана отырып жүргізіледі. Біздегі импорттың шамамен 42 пайызы Ресей Федерациясынан. Рубльді пайдалану-бұл объективті себеп.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!