«Бауыр»: Інісі түрмедегі ағасына көмектесе ала ма?
Қиын кезде бауыр қажет! «Бауыр» деген атпен тағы бір отандық жаңа туынды көрерменге жол тартты. Картина темір тордың ар жағы мен бостандықтағы күйбең тіршілікті суреттейді. Інісі түрмеде басына қара бұлт үйірілген ағасына көмектесе ала ма? Қарызынан құтылу үшін қандай әрекетке барады?
Автор: Салтанат Шырынхан
20.04.2022
Осы сұрақтардың жауабын білгіңіз келсе, фильмді тамашалаңыз. Туынды ертеңнен бастап кинотеатрларда көрсетіле бастайды.
Фильм сценарийіне екі ағайындының тәлкекке түскен тағдыры арқау болған. Үлкені түрмеде құмар ойынын ойнап қарызға белшесінен батқан. Ал жалғыз інісі оны аман алып қалу үшін басын қатерге тігіп, түрлі амалдар ойластырады. Жанашыр бауырдың рөлін Бекзатхан Шолпанқұл сомдаған. Оған киноның өзі де түсіру барысы да қатты ұнапты.
Бекзатхан Шолпанқұл, актер:
- Мейірбек ағасына екі күн қалған кездегі срок берілді гой 10 күннің ішінде ешқандай нәтижеге жете алмай, Мейірбектің соңында бір сәт болады, достары да сырт айналған сияқты. Ағасы да түрмеде. Соның көмегін күтіп отқан кездегі іштей қынжылатын сахнасы бар. Сол сахна маған өте ауыр және қызықты болды.
Туынды Шу ауданы мен Алматыда небәрі 15 күнде түсірілген. Режиссер Шуда түсіруінің негізгі себебін де түсіндіріп кетті. Айтуынша, дәл осы ұшақтар тұрған локация аса қажет болыпты. Сондай-ақ, абақты да ескі түрменің орны екен. Бұдан бөлек, бауыры үшін барын салған жігіттің өмірін суреттеу арқылы қазіргі қоғамның шындығын жеткізгіміз келді дейді режиссер.
Шыңғыс Әбдібек, режиссер:
- Жастардың психологиялық ауытқуларға түспей, қандай да бір проблема болса оған төтеп беру, сынбай, моральдық жағынан сынбау. Өзінің отбасы үшін күресу сол жақтарын көрсеткіміз келді. Және де қоғамда жастардың арасындағы жұмыссыздық, район дейді ғой районда жүріп жатқан балалр 2025 жасар. Соны көрсеткім келді.
Бұл Шыңғыс Әбдібектің тырнақалды туындысы. Ендеше атыс-шабыспен қатар өзіндік ой салатын фильмді көруге асығыңыздар. "Бауыр" ертеңнен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіле бастайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!