{metadescription}
Жамбыл облысы: Қамауға алынған генерал бостандыққа шықты
Жамбыл облысы: Қамауға алынған генерал бостандыққа шықты

Жамбыл облысы: Қамауға алынған генерал бостандыққа шықты

Қамау мерзімі екі тәуліктен асқан жоқ. Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы жарылысқа қатысты қамауға алынған генерал бостандыққа шықты. Қорғаныс министрлігі Оңтүстік өңірінің экс-қолбасшысы Қайдар Қарақұловты Бас прокурордың көмекшісі абақтыда ұстауға негіз жоқ деп тапқан.

Ол тергеу изоляторынан 48 сағаттың ішінде үйіне жіберілді. Генерал-майорға қатысты «қызметке салғырт қарау» бабымен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Бірақ күдіктіге қатысты өзге мәліметтер әзірге құпия.

Еске салсақ, сегіз ай бұрын Байзақ ауданындағы әскери қоймада жарылыс болып, 17 адам ажал құшқан. Талай адамды қыршын кетірген оқыс оқиғаның себебі әлі күнге айтылмай отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде